АҚШ-та аңшы құлағынан тістері шыққан арыстанды атып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та аңшы құлағынан тістері шыққан арыстанды атып алды © idahostatejournal.com

АҚШ-тың Айдахо штатынан табылған хайуанның өлексесін көрген жұрт жағасын ұстап, аузын ашты, - деп хабарлайды Idaho State Journal басылымына сілтеме жасаған 24.kz телеарнасы.


АҚШ-тың Айдахо штатынан табылған хайуанның өлексесін көрген жұрт жағасын ұстап, аузын ашты, - деп хабарлайды Idaho State Journal басылымына сілтеме жасаған 24.kz телеарнасы.

Аңның өлексесін жақын барып қарағандар оның сол жақ құлағының тұсынан ақсиып-ақсиып өсіп шыққан тістерді көрген. Жергілікті аңшылардың айтуынша, олар мұндай ерекшелігі бар жыртқышты өмірінде бұрын-соңды көрмепті. Қазір аңшының бұл олжасы туралы ақпарат жер-жаһанды шарлап, таңданыспен қоса үрей тудырып отыр екен.


© Twitter.com/CarnivoreSci

Мемлекеттік балық аулау және аңшылық департаментінің мәліметінше, қақ шекесін тіс қаптаған жануар жергілікті шаруаның итіне шауып, талап тастаған. Сол сәттен бері көзге іліккен арыстан ақыры оққа ұшқан екен.


© Twitter.com/CarnivoreSci

Зоологтардың айтуынша, оның шекесіндегі тістер туылған кезде болған. Себебі ол бастапқыда дүниеге егіз болып туылуы керек болған болуы әбден мүмкін. Бірақ, белгісіз себептермен екінші ұрықтың өсіп-жетілуі кенеттен доғарылып қалып, оның жарық көрген осы сыңарының басына туа біткен.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 499.83  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети