12 қаңтар 2016 | 12:13

Алматыда автотұрақтар саны қысқарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кездескеннен кейін дат сәулетшісі Ян Гейл басқарма жетекшілері және аудан басшыларымен жүздесті. Басқосуда өзінің қаланы өзгертудегі бірнеше ұсыныстарын ұсынып, туған қаласы Копенгагеннің тыныс-тіршілігімен таныстырды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кездескеннен кейін дат сәулетшісі Ян Гейл басқарма жетекшілері және аудан басшыларымен жүздесті. Басқосуда өзінің қаланы өзгертудегі бірнеше ұсыныстарын ұсынып, туған қаласы Копенгагеннің тыныс-тіршілігімен таныстырды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Сәулетші Алматы қаласындағы бос кеңістіктерді тиімді пайдаланып, оның орнына веложолақтарды көбейтуді ұсынды. Оның жобасы бойынша, қалада темір тұлпар азайып, бұқара тыныстайтын орындар көбеюі тиіс. Оған қоса, халықтың денсаулығы мен өмір сүру жасын ұзарту үшін оларды жаяу жүруге шақырды. Ол үшін қала басшылығы көшелердің ұзындығын ойға сыйымды етіп ықшамдаулары керек. Ян Гейл әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, қаланы улы газдардан ада қылу үшін автотұрақтардың санын қысқартып, керісінше жүргінші жолдарын көбейту керектігін айтты.

"Біз осы уақытқа дейін халықтың жайлы жағдайы үшін көптеген демалатын және ойын алаңқайларын салдық. Биыл да 100-ден аса ойын алаңдарын салуды көздеп отырмыз. Бұл бос телімдердің қаңырамай, қаланың игілігіне пайдалануға септігін тигізеді. Түнде Алматыны барыншы жарықтандыру мен парктерді қайта қалпына келтіруді жұмыстарын жүзеге асырдық", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Айта кетейік, Ян Гейл 50 жылда еңсесін тіктеген Копенгагенге Алматы қаласының басшылығын қонаққа шақырды. Одан бөлек, кездесуде дат сәулетшісі дүйім жұртты экологиялық таза көлік - велосипедке отыруға шақырды. Өйткені бүгінде даниялықтардың 45 пайызы осы көлік түрін күнделікті пайдаланады екен. Оған қоса, қалада ашық аспан астындағы театрлар мен демалатын орындар санын көбейту керектігін де айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer