13 қаңтар 2016 | 12:18

Қар жинау жұмыстарының сапасыздығы үшін 20 шағын және орта бизнес субъектісіне айыппұл салынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қар жинау жұмыстарының сапасыздығы үшін 20 шағын және орта бизнес субъектісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қар жинау жұмыстарының сапасыздығы үшін 20 шағын және орта бизнес субъектісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы Жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын қаланы санитарлық тазартуды бақылау бойынша рейдтер өткізеді, маңайдағы аумақты қар мен мұздан уақытылы тазалауды тексереді. Тексеру барысында тиісті учаскелерді жинау бойынша шараларды уақытылы қолданбаған мердігерлік ұйымдар, дүкендер, дәмханалар, сауда орындары, сондай-ақ, басқарушы компаниялар анықталды.

Жыл басынан бері қар мен мұзды уақытылы тазаламағаны үшін 1,5 млн. теңгеден астам соманы құрайтын 40 артық әкімшілік іс өндіріске алынды.

Рейд барысында жалпы пайдаланылатын орындарда, көшелердің жүріс бөліктерінде, тротуарларда, үйлердің жанында қарды тиісінше тазаламағаны үшін 8 ПИК пен 3 мердігерлік ұйымның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылуда. Үстіміздегі жылы 20 кәсіпкерлік субъектісіне 1 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жеке тұлғаларға қатысты да тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жеке сектордың 42 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Еске салайық, абаттандыру саласындағы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің 505-бабына сәйкес ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 30-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer