18 қаңтар 2016 | 17:04

Қазақстанда бір бөлмелі пәтер алу үшін неше жыл ақша жинау керек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Liveinternet.ru © Liveinternet.ru

Ranking.kz сарапшылары ауданы 34,6 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін қазақстандықтардың неше жыл ақша жинау керек екенін есептеді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ranking.kz сарапшылары ауданы 34,6 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін қазақстандықтардың неше жыл ақша жинау керек екенін есептеді.

Мамандардың айтуынша, ұлттық валютаның құнсыздануы жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділікті бәсеңдетіп, сұраныстың азаюына әкеліп отыр. 2015 жылдың соңғы тоқсанында бастапқы жылжымайтын мүлік құны 119,5 пайызға дейін өскен. Ал оның алдындағы тоқсанда бұл көрсеткіш 108,7 пайыз болыпты.

Сонымен қатар, халықтың табыс мөлшері азайып жатыр. 2015 жылдың қарашасындағы мәлімет бойынша, қазақстандықтардың табысы бір жылда 5 пайызға төмендеген. Жаңа тұрғын үйлердегі баспананың шаршы метрі болса 233,3 мың теңгеге дейін қымбаттапты. Ал республикамызда орташа жалақы мөлшері 124,6 мың теңге болып отыр.

 

Сарапшылардың мәліметінше, бұл жағдай баспана сатып алу мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етеді. Бір жылдың өзінде елімізде баспана сатып алу мүмкіндігі 2 пайызға азайған. Яғни, орташа жалақы алатын адам жаңа салынған үйден баспана сатып алу үшін 21 жылдан аса уақыт бойы қаражат жинау керек екен.

"Бір жағынан баспана алу мүмкіндігінің азаюы банк ипотекаларының қысқаруына да байланысты болып отыр. Биыл Қазақстанда ипотека несиелерінің берілу көлемі соңғы 5 жылда алғаш рет азайды", - деді сарапшылар.

Мамандар пәтер сатып алудың тиімді жолы тұрғынүйқұрылысжинағы жүйесі арқылы несиелеу бағдарламасына қатысу екенін айтты. "Ауданы 34,6 шаршы метр болатын баспана сатып алу үшін орташа мөлшердегі жалақы алатын адам 5,5 жыл шамасында айлығының 21 пайызын салып отырса, банк ипотекалық несие береді. Келесі он жылда ай сайынғы төленетін қаражат мөлшері 14 пайызға дейін төмендейді. Несие құны баспана бағасының 109,5 пайызын құрайды", - деп болжады сарапшылар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer