18 қаңтар 2016 | 18:15

Astana Arlans жаңа маусымдағы құрамын таныстырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© vesti.kz © vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын Astana Arlans клубы VІ маусымдағы жаңа құрамын таныстырды. Отандық клубтың жаңа маусымдағы жекпе-жектерін "Хабар" арнасы көрсетеді, - деп жазады Massaget.kz басылымы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын Astana Arlans клубы VІ маусымдағы жаңа құрамын таныстырды. Отандық клубтың жаңа маусымдағы жекпе-жектерін "Хабар" арнасы көрсетеді, - деп жазады Massaget.kz басылымы.

Өткен маусымда Astana Arlans клубының бас бапкері қызметін Марат Жақиев атқарған болатын. Биыл тәжірибелі бапкер шәкірттерін Олимпиада ойындарына дайындау мақсатында қызметін босатыпты. VI маусымда клубта аға бапкер қызметін танымал бапкер Нұрлан Ақүрпеков атқарады. Сондай-ақ, клуб танымбелгісін өзгертіпті. Қасқыр бейнесі қалдырылып, WSB жобасында екі рет топ жаруына байланысты екі жұлдыз қосылған.

Astana Arlans клубы VІ маусымдағы құрамына 30 боксшы еніп отыр. Ал клубтың бас менеджері Серік Сәпиев жаңа маусымда жеңімпаз атану оңай емес екенін айта кетті.

"Бұл маусымдағы кездесулер оңай болмасы анық. Біріншіден, шешуші жекпе-жектер өзге елдерде өтеді. Топтан бірінші орынмен шықсақ, жартылай финалда өзге елде жұдырықтасатын боламыз. Финал да дәл солай. Жарыстың ауқымы кеңейіп келеді. Жартылай финалға жетуге тиіспіз. Финалға шыққан күннің өзінде жеңімпаз атану оңай емес, - деді Сәпиев.

Astana Arlans клубының жаңа құрамы:

49 келі: Мардан Берікбаев, Теміртас Жүсіпов, Жомарт Ержан;

52 келі: Олжас Сәттібаев, Азамат Исақұлов, Азат Махметов;

56 келі: Мейірболат Тоитов, Нұрбол Қалжанов, Нұрсұлтан Көшеғұлов;

60 келі: Зәкір Сафиуллин, Ержан Мұзафиров, Бекдәулет Ибрагимов;

64 келі: Самат Бәшенов, Асқат Уәлиханов, Сабыржан Бақбергенов;

69 келі: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов, Бекзат Халметов;

75 келі: Мейірім Нұрсұлтанов, Аманкүл Әбілхан, Ерік Әлжанов, Рустам Сваев;

81 келі: Әли Ахмедов, Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек;

91 келі: Мұхамеджан Еркін, Рахман Әлжанов;

+ 91 келі: Нұрсұлтан Аманжолов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұржан Бекзатов.

Айта кетейік, биылғы маусымда "Астана арландары" "D" тобында "Baku Fires" (Әзірбайжан), "Puerto Rico Hurricanes" (Пуэрто-Рико), "Tеам Uzbekistan" (Өзбекстан) клубтарымен сынға түседі. Қазақстандық клуб топтағы алғашқы жекпе-жектерін 23 қаңтар күні Қарағандыда "Baku Fires" клубына қарсы өткізеді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer