Әнші әрі композитор Юрий Антонов жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Әнші әрі композитор Юрий Антонов жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Ол 10-шы жансақтау бөлімшесінде", - деп хабарлады агенттікке ауруханадағылар. Әнші инфаркт болды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.
Lifenews басылымының мәліметінше, Антонов Мәскеудегі Пирогов атындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. 70 жастағы әртіс өзін нашар сезінген. Ол кеудесінің ауырғанын айтыпты. Алайда ол жедел жәрдемді өз шақырған.
Юрий Антонов - композитор, әнші, ақын, Ресейдің халық әртісі. Ол "От печали до радости", "Крыша дома твоего", "Море", "Двадцать лет спустя", "Летящей походкой", "На улице Каштановой" сияқты халықтық әндердің авторы әрі орындаушысы.