22 қаңтар 2016 | 15:50

Қыздарына "арақ" ішкізу туралы атышулы роликтің кейіпкері оқиғаның мән-жайын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Астананың 34 жастағы тұрғыны Дархан Тазабеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында "балаларына арақ құйып беретін әке" жайлы видеоның қашан және қандай жағдайда түсірілгенін айтып берді. Бейнежазба осы аптада әлеуметтік желілердің қолданушыларының наразылығын туғызған еді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астананың 34 жастағы тұрғыны Дархан Тазабеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында "балаларына арақ құйып беретін әке" жайлы видеоның қашан және қандай жағдайда түсірілгенін айтып берді. Бейнежазба осы аптада әлеуметтік желілердің қолданушыларының наразылығын туғызған еді. 

Дархан үш қыздың әкесі екенін айтып отыр. Бірінші қаңтарда отбасы кешкі серуеннен үйіне оралыпты және кешкі асты ішуге дастархан басына жайғасыпты. Сол кезде оның тоғыз жастағы қызы әкесіне отбасы архивіне әзілге толы видео түсіруді ұсынады.  

"Ол "Арақтың шөлмегіне су құюға бола ма?" деп сұрады. Мен шөлмекке су құйдым. Сөйтіп, видео түсірдік. Балалар болса бәрін есіне сақтайды ғой. Жеті жасар қызым нағыз әртіс сияқты. Міне, солайша әзілдедік", - деді ол. Видеоға олардың әрекетін үлкен қызы түсіріпті. Ал жеті және үш жасар қыздары қойылым қойған.

Оқиғадан кейін екі апта өткенде Дархан бауырынан теледидардан және Интернеттен видеоның таралғанын естиді. Ер адам өзін жаңалықтардан көргеннен кейін видеоны таратқандарды жазалауды сұрайды. 

"Мен полицияға бірінші келдім, мені ешкім іздеген жоқ. Мен бұл видеоны Facebook, Instagram және Youtube-ке таратқандардың үстінен арыз жаздым, бөтеннің видеосын салмауы үшін", - деді Дархан Тазабеков. Ер адам видеоның Интернетке қалай шығып кеткенін әлі күнге түсінбейді. Өзі болса ешқайда жүктемеген. 

Қазіргі уақытта, Дарханның айтуынша, тергеу жүріп жатыр. Ер адам мен оның қыздары сараптамадан өтті, оның ішінде наркологиялық сараптама да бар. 

"Шөлмекті сараптамаға алып кетті. Кейін мен алкосынақтан өттім, қызым екеуміз бірге тапсырдық. Қанымызда алкогольдің жоқтығы анықталды. Сосын наркологияда да қан тапсырдық. Ол жақта да табылмады", - деді ер адам. 

Бүгін болса Дархан Тазабеков қыздары оқитын мектепке шақыртылыпты. Ол жақта да тергеу жүріп жатқан көрінеді. "Олар менің пікірімді естіді. Жағдайдың қалай болғанын айтып бердім. Барлығы да отбасылық әзіл екенін айтып отыр. Үйімізге де келді, қалай өмір сүріп жатқанымызды көріп кетті. Көршілерімізден сұрастырды. Шешімді күтіп отырмыз", - деді Дархан Тазабеков.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer