Ресейлік әнші Юлия Савичева "Мой путь" деп аталатын әніне түсірген бейнебаянында қайтыс болған музыканттарды еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейлік әнші Юлия Савичева "Мой путь" деп аталатын әніне түсірген бейнебаянында қайтыс болған музыканттарды еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Юлия Савичеваның жаңа бейнебаянының таныстырылымы 21 қаңтарда кешкі уақытта Максим Фадеевтің YouTube-арнасында өтті. Әні мен сөзінің авторы әншінің күйеуі - Александр Аршинов.
Роликте қайтыс болған әртістер - Елена Образцова, Людмила Зыкина, Мая Плисецкая, Людмила Гурченко, Лев Дуров, Жанна Фриске, Батырхан Шүкенов, Мүслім Магомаев, Валерий Золотухин, Юрий Никуллин, Владимир Высоцкий сияқты өнерпаздар көрсетілген.