22 қаңтар 2016 | 20:06

ҚР Президенті бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының сайтында Президенттің "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс- шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны айтылады. Заң спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. 

Бұл заңға сәйкес, "қазақстандықтарға іс-шараға алкоголь өнімін, металл немесе шыны құтысында өнім әкелуге тыйым салынады. Сахналарға, ареналарға, спорт алаңдарына, сонымен қатар көрермендер тұрған орынға өмірге немесе адамдардың денсаулығына қатер төндіретін затты лақтыруға салынған тыйымға түзетулер енгізілді".

Мұнымен қатар, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарды іс-шараға қатысады делінген адамдардың саны, автотұрақ орындары және сатылған билеттердің саны бойынша өз уақытында ақпараттандыруға міндеттелді.

Сондай-ақ, осы заңға сәйкес, іс-шараның өтуі кезінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араздық қоздыратын, жеке тұлғалардың құқығын таптайтын плакат, эмблема, транспарант және өзге де визуал құралдарды қолдануға тыйым салынады. Жеке тұлғалар осы тыйымдарды бұзса 20 АЕК көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұнымен бірге, жеке тұлғаларға шара кезінде өз бетімен қоршаудан өтуге немесе турникеттерден өтуге тыйым салынады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer