26 қаңтар 2016 | 11:24

Алматыда жол жүру билеті қайта енгізілуі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалада жол жүрі билетінің қайта енгізілуі мүмкін екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалада жол жүрі билетінің қайта енгізілуі мүмкін екендігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында ол "Оңай" жүйесіне қатысты мәселені көтерді.

"Біз күн сайын бақылаймыз. Көпшіліктің қоятын негізгі сұрағы жол жүру билеттерінің жойылуы туралы. Бұл маңызды мәселе. Біз нарықтың көлемін анықтау үшін уақыт сұрадық. Оған дейін ол ашық әрі түсініксіз болды: белгілі бір шығындары бар ма, белгілі бір табыстара бар ма, ақша қайда кетіп жатыр. Бүгін нарық көлемінің шамамен 19-20 миллиард теңге екенін біліп отырмыз. Яғни 6-7 миллиард теңгені біз жасырын экономикадан шығарамыз. Сондықтан әкімдікке көптеген өтініш жазған халықтың пікірін есепке ала отырып, есептедік, фракция ұсыныс жасады, меніңше, ертең мәслихатта депутаттар қолдаса біз жол жүру билеттерін қайта қалпына келтіру туралы шешім шығарамыз", - деп атап өтті Байбек. 

"Жеті жасқан дейінгі балалар тегін, мектеп қабырғасындағы балалар 1000 теңгемен, зейнеткерлер 2000 теңгемен жүреді. Бұл категорияда көпбалалы аналар болмады, 50 пайыз жеңілдік беріледі, бұл жергілікті бюджеттен субсидияланады, оған көпбалалы аналардың 2000 теңгесін және студенттердің 3000 теңгесін қосамыз. Ең бастысы - біз мүмкіндігі шектеулі жандарды мүлдем қоспадық. Сонда 1-2 топтағы мүгедектер, ҰОС ардагерлері және олармен теңестірілген адамдар қалада тегін жүре алады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен қыруар қаражат жұмсалады. Біз бүгін екі миллиард теңгеге субсидиялаймыз. Оларды бюджетке сала тұрамыз. Сосын, табыстың өсуіне байланысты көре жатармыз", - деді әкім. 

Алматы қаласында қолма-қол төлем жасап, жол жүру биылғы 11 қаңтарда толықтай алып тасталған еді. Ақша берген жолаушы билетсіз адам ретінде саналып, айыппұл төлейді. Өз кезегінде жолаушыларды билетсіз тасымалдаған жүргізуші де айыппұл арқалайды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer