26 қаңтар 2016 | 17:42

Әуезов атындағы драма театрында жаңа қойылым көрсетіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі © Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жаңа қойылым көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Александр Володиннің "Қоштасқым келмейді" драмасын 6, 7, 10, 14 ақпан күндері театр сахнасынан тамашалауға болады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жаңа қойылым көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Александр Володиннің "Қоштасқым келмейді" драмасын 6, 7, 10, 14 ақпан күндері театр сахнасынан тамашалауға болады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, драманың қоюшы-режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Қойылымға ажырасуға бел буған сегіз отбасының тағдырлары арқау болған. Жасы, әлеуметтік мәртебесі, дүниетанымы жағынан әртүрлі бірнеше шаңырақ иелері қиындықтарға ұшырап, күмән-күдікке, тәкаппарлыққа бой алдырады. Некелерін бұзуға сотқа келген оларды судья татуластырмақшы болады. Алайда өзімшіл ерлі-зайыптылар бірін-бірі тыңдаудан қалады. Театрдың жас әртістері қатысатын спектакль өмірдің осы бір қарапайым да күрделі мәселелерін көрсетеді.

Александр Володиннің "С любимыми не расставайтесь" шығармасын аударып, сахналамақшы болып отырған режиссер Асхат Маемиров басты мақсаты көрермен санасына әсер ету екенін айтты. "Қоштасқым келмейді" драмасы адамдардың кездесуі мен қоштасуы жайлы сыр шертетін қарапайым, әрі қиын драма. Пьеса мен қойылымды "Ажырасу туралы іс" деп те атауға болады. "Қоштасқым келмейді" деген атаумен сахналап отырған осы қойылымға отбасы мәселесі, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасындағы әлеуметтік мәселелер, махаббат пен достық секілді мәңгілік тақырыптар арқау етілген. Қойылымды көрсетудегі мақсатым - көрерменнің санасына әсер ету. Яғни, рационалдық театр әлемінің эстетикасымен таныстыру", - деді режиссер.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer