26 қаңтар 2016 | 18:49

Қазнетті жаулап алған жамбылдық "диктор" өз дарыны жайлы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысында тұратын Жасұлан Кенжебай камера алдындағы кәсіби стендаптарымен Қазнетті жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол өз дарыны жайында және ойда жоқта келген танымалдығы туралы айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында тұратын Жасұлан Кенжебай камера алдындағы кәсіби стендаптарымен Қазнетті жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол өз дарыны жайында және ойда жоқта келген танымалдығы туралы айтып берді. 

Ол туралы видео таяуда әлеуметтік желілерде таралған еді. Ауыл жігіті телеарна тілшілері секілді елдегі жағдайды өз мәнерінде айтып береді. Желі қолданушылары оның дарынды екенін айтады. Олардың пікірінше, "дикторды" тез арада республикалық телеарналардың біріне қызметке алу керек. Ал тағы біреулері оның МС Сайлаубек секілді атақты болып кететінін айтып отыр.

Жасұлан Кенжебайдың айтуынша, ол Жамбыл облысының Қарақат ауылында дүниеге келген. 32 жастағы ер адам бала кезінде журналист болуды армандапты, алайда қазіргі уақытта тіпті де басқа салада жұмыс істейді. "Дарынымды үшінші сыныпта оқып жүргенімде қатысқан "Жігіт сұлтаны" байқауында жеңімпаз болғанымда байқадым. Кейін жоғарғы сыныптарда түрлі конкурстарда жеңіп, үздік оқыдым. Осыдан кейін мал дәрігерлігі колледжіне түсіп, оны қызыл дипломмен бітірдім және 2004-2006 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметінде борышымды өтедім", - дейді Жасұлан. Қазір ол күзетші болып жұмыс істейді. Үйленген, екі баланың әкесі.

Ол камера алдында бірінші рет өткен жылдың жазында өнер көрсете бастапты. "Досым қонаққа келіп, телефон камерасына қарап тұрып, сөйлеуімді сұрады. Әдетте мәтіндерді тез жаттап аламын, көлемді болса да. Оны бір-екі рет оқып алсам жетеді, ары қарай жалғастыра беремін. Мәтін арасында Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің қанатты сөздерін қосамын. Негізінде көбі тосыннан шығады", - дейді ол. 

Кенжебай отандық журналист Нартай Аралбайұлын үлгі тұтатынын айтады. "Оның сөйлеу мәнері, дауысы қалыптасқан. Мен де сол бағытта дарынымды көрсеткім келеді. Бірақ ауыл жігіттері көп жағдайда назардан тыс қалып, дарынымыз ашылмаған күйі қалып қойып жатамыз", - деді Жасұлан.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer