28 қаңтар 2016 | 14:28

Тамара Дүйсенова тікұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ortcom.kz © Ortcom.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Алматы облысында санавиация тікұшағының құлауы салдарынан қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Алматы облысында санавиация тікұшағының құлауы салдарынан қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Санавиация тікұшағының құлауы салдарынан бортында болған 5 адамның: ұшқыш, дәрігер, санавиация фельдшері және 2 айлық сәби мен оның анасының қайтыс болуына байланысты олардың туыстары мен жақындарына өз атымнан және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұжымының атынан көңіл айтамын. Дәрігердің борышы адамдарға мейірімділік мен ерекше көңіл бөлуді, абзал адамгершілікті, қажет болған жағдайда, өзін-өзі құрбан етуді талап етеді. Дәрігер мамандығы өте күрделі. Олар бар өмірін медицинаға арнай отырып, өзгелердің өмірі үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады. Менің әріптестерім кішкентай пациенттің өмірін сақтап қалу жолында өз өмірлерін сақтай алмады", - деді министр.

"Медицина қызметкерлерінің еңбегі - халыққа қызмет етудің ерекше үлгісі. Біздің дәрігерлер өздерінің азаматтық және кәсіби борыштарын адал әрі абыроймен атқарды", - делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы санавиация бригадалары 2704 медициналық қызмет көрсетіп, 2149 рет ұшқан. 

"Біз өз әріптестерімізді мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, қайтыс болған азаматтардың отбасыларымен бірге қатты қайғырамыз. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қаза болған адамдардың туыстарына қажетті барлық көмекті көрсетеді", - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, министр ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторының қайғылы оқиғаға байланысты құрылған мемлекеттік комиссияны басқаратынын мәлімдеді.

"ҚР ДСӘДМ Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың басшылығымен өліммен аяқталған топтық қайғылы оқиғаны арнайы мемлекеттік тексеру комиссиясы құрылды. Оқиға болған жерге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой және Республикалық санитарлық авиация орталықтарының басшылары барды", - деді министр.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша, 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тікұшақ бортында бес адам: 1967 жылғы пилот Виталий Кондратюк, 1964 жылы туылған гематолог-дәрігер Б. Кайсанова, 1993 жылғы фельдшер Г. Хамитова, 1989 жылғы К. Әбілқасым және 2015 жылы туған Б. Әбілқасым болған.

28 қаңтар күні таңертең тікұшақтың қирандылары табылды. Бортта болғандардың барлығы қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer