28 қаңтар 2016 | 15:34

Науқас сәбиді өлтіремін деп қорқытқан ақтаулық оның еміне арналған қаражатты тонап кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Науқас сәбиді өлтіремін деп қорқытқан ақтаулық оның анасын тонап кетті,  - деп хабарлайды "Тумба". Порталдың мәліметінше, оқиға 27 қаңтарда күндізгі уақытта болған. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Науқас сәбиді өлтіремін деп қорқытқан ақтаулық оның анасын тонап кетті,  - деп хабарлайды "Тумба". Порталдың мәліметінше, оқиға 27 қаңтарда күндізгі уақытта болған. 

Қаладағы бірінші ықшамауданда орналасқан үйлердің біріндегі пәтер есігін қаққан ер адам өзін "Горгаз" қызметкері деп таныстырған. Бұдан кейін ол нәрестесі мен анасы бар пәтерге кірген. Алайда мұндай ұйым қалада жоқ екен.  Ер адам емшектегі сәбидің басына тапанша тақап, оның анасынан барлық құнды затты беруін талап етеді. Әйел пәтердегі бар құнды затты береді. Ер адам 400 мың теңге мен әшекей бұйымдарды алып, жасырынған. Кейін полицияда қылмыскердің фотороботы жасалды. 

Бүгін науқас сәбидің анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Сөйтсе, қолды болған қаражат сәбидің еміне жұмсалуы керек болған екен. Шығынның жалпы сомасы миллион теңгеге жетіпті. Шешесі 28 қаңтарда, бүгін эпилепсиямен ауыратын сәбиін алып, емделуге кетуі тиіс болған.  

"Мен баламмен отыра тұратын әйелді күткенмін. Мен баламды аз уақытқа қалдырып, шаруаларымды бітіріп алғым келген. Есікті біреу қаққанда қолымда сәбиім болды, есікті аштым. Бетін жартылай тұмшалап алған ер адам үйдегі газ плитасын тексеруі керектігін айтты. Қолында дәптері болған. Баламды суықтатып алмау үшін ер адамды үйге кіргіздім. Сосын ол тапаншасын алып, сейфті беруімді талап етті", - деді зардап шеккен келіншек. 

Әйелдің айтуынша, үйде сейф болмаған. Алайда қолда бар қаражатын беріп қойған. "Балама тапаншаны кезеп, сейфті беруімді талап ете бастағанда мен үйде ешқандай да сейфтің жоқтығын айттым, бірақ бар ақшамды бердім. Осы кезде баламмен отырып беруге келген әйел келіп қалды, сосын ер адам оған да тапаншасын кезеді. Айғайлай бастады, бәрімізді өлтіретінін айтып қорқытты, кейін қорқып кетіп, пәтерден кетіп қалды. Оның түрін жаттап алдым, полицияға түгелдей сипаттап бердім", - деді әйел.

Айта кетейік, ер адам қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer