01 ақпан 2016 | 09:43

"Террорлық қатерлерді сараптау орталығының" өкілдері кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

"Террорлық қатерлерді сараптау орталығының" директоры Рамиль Латыпов Шымкентте белгілі кәсіпкер, ТҚСО-ның бұрынғы басшысы Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Террорлық қатерлерді сараптау орталығының" директоры Рамиль Латыпов Шымкентте белгілі кәсіпкер, ТҚСО-ның бұрынғы басшысы Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. 

"2013 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі автономды коммерциялық емес "Террорлық қатерлерді сараптау орталығы" (тіркеу құжатының номері 1900/13-2087) ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілдігін тіркеген болатын. Өкілдіктің жетекшісі қызметіне Қазақстанның белгілі қайраткері Төлешов Тоқтар Жүсіпұлы тағайындау ұсынылған болатын. ТҚСО-ның Қазақстандағы өкілдігіне тағайындалған сәтте Төлешов Т.Ж. ТМД ісі және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік думаның ТМД елдерінің Дін және қоғамдық ұйымдар мәселелері жөніндегі сараптау кеңесінің төрағасы еді, бұл туралы ресми құжаттар ұсынылған", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ТҚСО өкілдері Төлешовтің жұмыста өзін жақсы қырынан көрсеткенін атап өтті. "Ресейдің жақсы досы, ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастың нығаюының апологеті, еңбекқор, Төлешов 2014 жылы Ресейдің Орталық-Азиа өңіріндегі Журналистер одағының уәкілетті өкілі болды. Күші мен қаражатын аямай, Төлешов Қазақстанда да, Ресейде де қоғамдық жұмыстармен айналысты", - деп хабарлады ұйымдағылар. 

"2015 жылдың қазан айында Төлешов ТҚСО-дан жұмыстан өз қалауымен шығу туралы арыз жазды. Бұл шешімі Төлешовтің өзін "Үдеу-Өрлеу" қоғамдық қозғалысының жетекшілігіне арнағысы келетінімен байланысты болды, яғни ол өз халқына толықтай беріліп қызмет еткісі келді. Сол 2015 жылдан Төлешов Ресейдің Орталық-Азиа өңіріндегі Журналистер одағының уәкілетті өкілдігін жаңартпады", - деп хабарлады ТҚСО-дағылар.

Еске салайық, осыған дейін Шымкентте арнайы операция кезінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ұсталғаны хабарланған болатын. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer