03 ақпан 2016 | 11:33

Бизнесмен Төлешовтің қандай баптар бойынша айыпталып отырғаны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сот белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сот белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бизнесменнің адвокаты Евгений Яворский Төлешовтің ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") және 266-бабының 3 бөлігі (Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу) бойынша 2016 жылдың 30 наурызына дейін қамауға алынғанын хабарлады.

"Ұстау кезінде қандай оқулықтың табылғаны жайлы біз әзірше білмейміз. Бізге ІІМ өкілдері ештеңе ұсынбады. Бірақ Төлешов кандидаттық диссертациясын жазып жатқан еді, қоғамдық жұмысына байланысты шығар. Сонымен қатар, белгілі кәсіпкерді есірткімен байланыстыру дұрыс емес, тергеу анықтайды", - деді адвокат баспасөз мәслихатында.

Ал "Шымкентсыра" кәсіпорнының қызметкерлерінің желтоқсан айының жалақысын толық алмағаны белгілі болды. Мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдерінің айтуынша, жалпы қарыз - 27 миллион теңге. Зауыт басшылығы қарызды таяу арада төлейтінін айтып отыр. Олардың айтуынша, бұл жағдай зауыт басшысы Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты емес, елдегі экономикалық жағдайға байланысты.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған еді. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. Ұсталған кәсіпкер "Шымкентсыра" ЖШС иесі және Террорлық қатерлерді сараптау орталығын басқарған. Бірлестіктің сайтындағы өмірбаянда Төлешовтің 2008 жылдан бастап қоғамдық ұйымдарда көптеген қызметтерді атқарғаны жазылған. Сонымен бірге, ол - "Нұр Отан" партиясының мүшесі, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігінің жоғарғы атаманының кеңесшісі. Айта кетейік, Шымкенттегі арнайы операцияға оңтүстікқазақстандық полицейлер тартылмаған. Бұл операцияны елорданың арнайы қызметтері бақылап, тергеп отыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer