04 ақпан 2016 | 15:34

Министр Дүйсенова Қарағандыдағы жүкті әйелдің өлімінің себебін растау кезінде жаңылысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қарағандыдағы жүкті әйелдің өлімінің себебін растау кезінде жаңылысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қарағандыдағы жүкті әйелдің өлімінің себебін растау кезінде жаңылысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 33 жастағы қарағандылық әйел плевриттің асқынуынан болған екі жақты пневмонияның ауыр ағымы салдарынан қайтыс болған. 

"Пневмонияны анықтау мақсатында жасалған зертханалық зерттеу барысында маусымдық тұмаудың А (Н3N2) штамы анықталды. (...) 20 қаңтар күні ол дене қызуы көтеріліп, өзін өзі нашар сезінгеннен соң жедел медициналық көмек бригадасын шақырады. Дәрігерлер ауруханаға апарғысы келгенімен, ол ауруханаға жатудан бас тартады. Оған дәрілік тағайындау жасалып, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер беріледі. жағдайына байланысты №1 ауруханаға жатқызылады. Оған медициналық көмек 21 қаңтарда ол Қарағандыдағы №4 емханаға жүгінеді. Сырқаттанған адамға жәрдем көрсету мақсатында Астана қаласының республикалық орталықтарындағы ең үздік мамандар шақырылады. Қарқынды түрде жүргізілген емге қарамастан, 25 қаңтарда ол қайтыс болады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, бүгін Тамара Дүйсенова ҚР Парламент Сенатының отырысының үзілісінде қарағандылық әйелдің өлімінің себебін растау кезінде оның дңыз тұмауынан қайтыс болғанын растаған болатын. 

Министрліктегілердің айтуынша, Қазақстанда қазіргі эпидемиологиялық маусымда өзге жылдардағыдай тұмаудың бірнеше А (Н3N2), (Н1N1) штамдары, түрі анықталмаған (штамды анықтау жұмыстары жүргізілуде), сонымен қатар В вирусты тұмау да бар. 

"Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына "Тұмау" диагнозымен 300, ЖРВИ-мен 16 мың 108  адам жатқызылды. 3 ақпандағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 249, ЖРВИ-дан 12 мың 137 пациент емделді. Қазіргі таңда ауруханаларда "Тұмау" диагнозымен 51 адам емделу үстінде. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды", - делінген таралған хабарламада.

Еске сала кетейік, 19 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин республикада А (Н1N1) тұмауынан болған пневмониядан 1 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer