04 ақпан 2016 | 17:21

БҰҰ Қазақстанда 3,5 миллион мигрант бар деп есептейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

БҰҰ-ның мәліметінше, Қазақстанда 3,546 миллион мигрант тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы халықаралық мекемеге сілтеме жасалған мақала ағылшынның The Telegraph газетінде жарияланған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ-ның мәліметінше, Қазақстанда 3,546 миллион мигрант тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы халықаралық мекемеге сілтеме жасалған мақала ағылшынның The Telegraph газетінде жарияланған.

Сонымен қатар, мақалада Қазақстан тұрғындарының 20 пайызы мигранттардан құралған делінген. Мысалы Германияда тұрғындардың 14,88 пайызын мигранттар құраса немесе 16,77 пайызды құраған Швециямен салыстырғанда елімізде мигранттардың көбірек екендігі байқалады. БҰҰ-ның түсініктемесінде құжаттарында халықаралық мигранттар деп тұрғылықты жерінде дүниеге келмеген азаматтарды айтамыз делінген. Тұрғынның шығу тегі туралы мәлімет болмаған мемлекеттерде ол тек азаматтығы бар деп саналады.

ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің статистиканы басқару жөніндегі бас сарапшысы Нұрлан Ханжігітов болса бұл мәліметті растамады. Ол ҚР 2009 жылғы халық санағына сәйкес, Қазақстанда тұратын, бірақ Қазақстан азаматтығын алмаған адамдардың саны 158 917 құрады деді. Сонымен қатар, 101 639 адам басқа елдердің азаматы болса, тағы 57 278 адамның азаматтығы жоқ. Айта кетейік, еліміздің тарихында ең ірі қоныс аудару оқиғасы - оралмандардың келуі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанға 25 жыл ішінде (1991 жылдан бастап 2016 жылдың қаңтарына дейін) 957 794 мигрант келген. "БҰҰ-ның көші-қон мәліметі бойынша, мекеменің сайтында берілген ақпараттар ресми статистикалық мәліметтердің негізінде жасалды", - деп түсіндірді Ханжігітов. Алайда, ведомстводағылар мұндай статистикалық мәліметтерді БҰҰ-ның сайтында және ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға қатысты қандай да бір шаралар жоспарланып отыр ма, жоқ па - оны нақтыламады.

Айта кетейік, БҰҰ Қазақстанда 2015 жылы 3,546 миллион және 1990 жылы Қазақ КСР кезінде 3,619 миллион мигранттың бар екендігін хабарлады. Ал бұл кезде Қазақ КСР тұрғындарында Кеңес Одағының азаматтығы болған. Кеңес дәуіріндегі Қазақстанға 3,619 миллион шетелдіктің келгені туралы ақпарат еш жерде жарияланбаған. Сол уақытта болған ең ірі көші-қон оқиғасы - халықтың депортациясы, өнеркәсіптің шығысқа қарай көшірілуі және тың жерлерді игеру. Бірақ халықтың жер аударуына көбінесе кеңес азаматтары қатысты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer