05 ақпан 2016 | 10:00

Қызметте жүріп екі аяғынан бірдей айырылған оралдық экс-полицей табысты кәсіпкерге айналды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қызметте жүріп екі аяғынан бірдей айырылған оралдық бұрынғы полицей Біржан Қожақов қазір табысты кәсіпкерге айналды. Мүгедек жанға айналған ол адамдарға жұмыс беру арқылы өмірді қайтадан бастаған. Tengrinews.kz тілшісі қарапайым адамның ерлік жолындағы тарихы жайлы білуді жөн көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызметте жүріп екі аяғынан бірдей айырылған оралдық бұрынғы полицей Біржан Қожақов қазір табысты кәсіпкерге айналды. Мүгедек жанға айналған ол адамдарға жұмыс беру арқылы өмірді қайтадан бастаған. Tengrinews.kz тілшісі қарапайым адамның ерлік жолындағы тарихы жайлы білуді жөн көрді.

30 жасына дейін Біржан басқа адамдар сияқты қарапайым өмір сүреді. Жол полициясында қызмет еткен ол үйленіп, екі бала тәрбиелеген. Дегенмен 2001 жылдың ақпанында серіктесімен бірге түнгі кезекшілікте болған полицей аяқтарын үсіріп алады.


Біржан Қожақов. Фото © Tengrinews.kz

Дәрігерлер полицейді құтқармақшы болып 12 операция жасайды, дегенмен мамандар оның екі аяғын кесіп тастауға мәжбүр болған. Бірнеше ай өткеннен кейін Біржан жол полициясына басқа қызметке келуді ұйғарады. Тағы бірнеше айдан соң ол басқа салада жұмыс істеп көруге бел буған.

"Кіші інім бір күні кішкентай аласа шкаф әкеп берді. Одан мен теледидар қоятын жаңа шкаф жасап шығардым. Бір күні біреу менен сол жиһазды сатуымды сұрады. Мен оны 4,5 мың теңгеге сатып жібердім. Осыдан кейін жиһаз бизнесімен айналысуды жөн көрдім", - деді бұрынғы полицей.


Фото © Tengrinews.kz

Қожақов інісімен бірге жеке кәсіпкерлік те ашып алады. Шебер ең алғашқы тапсырыстың Атыраудан түскенін айтты. Оған жаңадан салынып жатқан жатақханаға шкафтар мен 30 кереует жасауға тапсырыс түскен. Ол бұл іске інісімен бірге кіріседі. Жиһаз сапалы болған соң тапсырыс беруші шеберді басқаларға да насихаттай бастайды. Ісі өрлей бастаған шебердің қол астына осылайша 20-дан аса адам жұмысқа кіреді. Дегенмен мемлекеттік сатып алу туралы заңда өзгеріс енгізілгеннен кейін жұмыс азая бастайды.

"Біз басқа кәсіпкерлермен бірге мемлекеттік сатып алу конкурсына қатыстық. Мүгедек ретінде жеңілдік алу үшін бізді арнайы тіркеуге алу керек еді. Құжаттарды тапсырып қойдық. Дегенмен ары қарай өмір сүру үшін қазақи жиһаздар жасауды қолға алдық. Адамдар дағдарысқа қарамастан тұрмысқа шығады, бала туады. Сондықтан да қазақтың оюлары салынған сандықтар мен бесіктер сұранысқа ие болды", - деді Қожақов.


© Tengrinews.kz

Айта кетейік, қазір "Ғибадат" кәсіпорны сандықтың 56 түрі мен бесіктің 10 түрін шығарады. Қожақовтың қолынан шыққан бұйымдарға Алматы мен Астанадан да тапсырыс түседі екен. Біржанның айтуынша, Қазақстанда қазақи жиһаздарды жасайтын кәсіпорындар аз. Ал соңғы уақытта адамдар ұлттық нақыштағы бұйымдарға тапсырысты жиі беретін болған.


Фото © Tengrinews.kz

"Ғибадат" ЖШС-да жұмыс істейтін 37 адамның 17-сі түрлі категориядағы мүгедектер. "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесу - парыз", - дейді Қожақов. Оралдық кәсіпкердің өнімдері былтыр әлеуметтік жобалар байқауында екінші орынға ие болды.

"Қазір барлық үмітім орындалды. Бір ғана арманым бар: Елбасының қолынан алғым келеді. Бұл сәтке жететінімді білемін. Ал өмірдегі басқа жетістіктерге өзім жетемін", - деді Қожақов сенімді түрде.


Фото © Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer