08 ақпан 2016 | 17:12

Девальвация әуе билеттерінің бағасына қалай әсер етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Авиабилеттерді онлайн сатып алу қызметін көрсететін Aviata.kz сараптама орталығы теңгенің тамыздағы құнсыздануынан кейінгі әуе билеттері бағасының өзгеруіне зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Авиабилеттерді онлайн сатып алу қызметін көрсететін Aviata.kz сараптама орталығы теңгенің тамыздағы құнсыздануынан кейінгі әуе билеттері бағасының өзгеруіне зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы мақсатта "ұшақ билеттерінің орташа индексі" деген түсінік енгізілді. Мысалы, 2015 жылдың шілдесінде халықаралық бағытта ұшудың орташа құны 74 277 теңге болса, қазанда 94 739 теңгеге дейін көтеріліп, 27 пайызға өскен. Ал Қазақстан ішінде әуе билеттерінің бағасы 1000 теңгеге, яғни 20 679 теңгеден 19 599 теңгеге дейін төмендеді. Айта кетейік, бұл ішкі нарықта бәсекелестердің көбеюімен байланысты болып отыр. Себебі сол уақытта елімізде тағы бір әуе тасымалы - Qazaq Air пайда болды. Ал Bek Air компаниясы тасымалдау көлемін ұлғайтуды жалғастыра берді.

Осы жылдың қаңтарындағы ұлттық валютаның тұрақтануынан кейін авиабилет индексі халықаралық бағыттар бойынша 98 007 теңге болса (жарты жылда 32 пайызға өсті), Қазақстан ішіндегі бағыттар бойынша 18 211 теңгені құрады (жарты жылда 12 пайызға дейін төмендеді). Халықаралық бағыттар бойынша жекелеген билет бағасы 60 пайызға өсті. Бұл саяхатқа шығатындардың алыс бағыттардан бас тартуына, яғни АҚШ штаттарына барғысы келетіндердің Еуропаны таңдауына ықпал етті.

Айта кетейік, зерттеу мәліметінше, 2016 жылдың қаңтарында Қазақстандағы ең арзан әуе билетінің бағасы 9 771 теңге болған (Air Astana, Қызылорда - Астана бағыты), ал ең қымбаты 1 640 746 теңгеге (Air Astana, Астана-Пекин, 2 адамға арналған бизнес-класс) дейін жеткен.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer