09 ақпан 2016 | 12:04

Қазақстанда 25 сотталушы түрме ішінен бизнес ашып алған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстанда 25 сотталушы кәсіпкер ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бас прокуратура қылмыстық-атқару жүйесін реформалауға қатысты жүргізілген шаралар жөнінде мәлімдеме жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 25 сотталушы кәсіпкер ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бас прокуратура қылмыстық-атқару жүйесін реформалауға қатысты жүргізілген шаралар жөнінде мәлімдеме жасады.

"Сотталғандардың түзелу тиімділігін арттыруға "Түрмедегілерді жұмыспен қамту - 2017" жобасы ұсынымдарын іске асыру ықпалын тигізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы колонияларға 133 кәсіпкерді тартуға мүмкіндік ашылып, олар 1865 сотталғанды жұмысқа орналастырды. Түрмедегілердің "Сотталғандарға арналған 100 кәсіп", "1000 бизнес-идея", "Бұрынғы сотталғандардың жетістікке жету оқиғалары" ақпараттық материалдарына қол жетімділігі қамтамасыз етілді.

"Алғаш рет жеке еңбек қызметі институты жұмыс істей бастады. 25 сотталған адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Олар колонияда үй жанураларын өсіреді, аяқ киім тігеді, сурет салады, сыйлықтар жасайды. Сотталғандарды жұмыспен қамту көрсеткіші 51 пайыздан 55-ке дейін артып, олардың жәбірленушілерге қылмыстық жолмен келтірген 846,8 миллион теңге залалды өтеуіне жол ашылды. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Атап өту керек, қылмыстық жолмен келтірілген залалдарды өндіру сотталғандардың жеңіл жаза түріне ауысу мен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуының негізгі шарты болып отыр", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Бас прокуратура "түрмедегілердің санының" азайғандығын да хабарлады. Өткен жылы колониялардағы жаза өтеушілердің саны 17 пайызға төмендеген (47,5 мыңнан 39,8 мыңға дейін). Бұл Қазақстанның халықаралық түрме рейтингісіндегі позициясын жақсатып, 55 орынға көтерілуіне септігін тигізді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer