09 ақпан 2016 | 20:20

"Меломен" тобының мүшелері жол апатының қалай болғанын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Меломен" тобының мүшелері жол апатының қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Baistars.kz басылымы. Топ мүшесі Ролан Қазретовтың айтуынша, бұл оқиға ешқандай да PR емес. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Меломен" тобының мүшелері жол апатының қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Baistars.kz басылымы. Топ мүшесі Ролан Қазретовтың айтуынша, бұл оқиға ешқандай да PR емес. 

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде топ әншілерінің жол апатына түсуі туралы пікір білдірген қолданушылардың бір бөлігі мұны жарнама үшін жасалған деп айтып қалды. "Аллаға шүкір, аманбыз. Бұл оқиға бәрімізді тәубеге келтірді. Бүгін бар, ертең жоқ екенімізді еске салды. Бір сәтте өміріміз көз алдымыздан зу етті. Егер ірі жол апаты болғанда арты не боларын кім білсін?! Аллаға сансыз шүкір айтамыз және дұға-тілектерін жаудырған тыңдармандарымызға да көп рақмет!" - деді Ролан.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасында олардың көлігін соққан Nissan маркалы автомобильдің жүргізушісі кінәлі. Ол тіпті өзінің кінәлі екенін айтып, кешірім де сұрапты. "Көлік апаты 6 ақпан күні кешкі сағат 21:30-22:00 шамасында болды. Төртеуміз және тобымыздың арт-директоры Қайрат Мамыраев бәріміз Жігердің Lexus автокөлігімен Науаи көшесімен жоғары көтеріліп келе жаттық. Сөйтіп, солға бұрылып, тоқтайын деп жатқанда қарсы бағытта жоғары жылдамдықта келе жатқан Nissan жол талғамайтын автокөлігі артқы жақтан келіп соқты. Қатты сілкіністен көлік айналып-айналып, бірақ тоқтады. Бәріміз тез есімізді жиып алдық, бірақ тізгінде отырған Жігерге қарасақ, оның мойны салбырап, қорылдап, талып қалған. Дереу жедел жәрдем, жол полициясын шақырдық", - деді топ әншісі.

Жол апатынан Жігер Ауыпбаевтың омыртқасы төрт жерінен тайып кеткен. Алайда ол ауруханадан ертесі күні шығыпты. Жігіттер халық емшісінің де көмегіне жүгініпті. "Жігердің миы шайқалып, омыртқасы төрт жерден тайып кеткен екен. Ауруханада бір күн жатты, одан кейін халық емін жасайтын жақсы бір емшіге апардық. Ол дереу сүйектерін орнына салып, ем-домын жасады. Қазір денсаулығы ойдағыдай", - деді Роллан Қазретов.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer