11 ақпан 2016 | 15:59

Жаңа министр балаларды қай тілде оқыту керек екенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Youtube.com © Youtube.com

10 ақпанда Ерлан Сағадиев ҚР білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Конференциялардың бірінде ол балаларды қай тілде оқыту керектігін айтқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

10 ақпанда Ерлан Сағадиев ҚР білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Конференциялардың бірінде ол балаларды қай тілде оқыту керектігін айтқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде көптеген қазақстандық қолданушылар, саясаттанушылар, журналистер Сағадиевтің министр лауазымына тағайындалуын ең дұрыс шешімдердің бірі деп атады. Сағадиев өзінің жаңашыл идеяларымен белгілі. Ол "TEDxAlmaty 2013" шарасында үш тілде білім беру жүйесі туралы сөз қозғады. Айта кетейік, қазақстандық мектептерге жаппай үш тілде білім беру жүйесін енгізу 2023 жылы іске асырылады.

Сағадиевтің айтуынша, ата-аналар мектепті таңдауға келгенде үнемі қиналады (министрдің бес баласы бар): мысалы баланы қай тілде оқытатын мектепке берген дұрыс. Оның айтуынша, ата-аналар мектепті таңдаған кезде белгілі бір мәліметтерге, сандарға және тренд деген ұғымдарға сүйенуі керек. Сонымен қатар, министр білім беру жүйесі туралы өз көзқарастарын бөлісті.

Министр мәлімдемесінде өзінің 7 жасқа дейін ауылда өсіп, тек қазақ тілінде сөйлеп, 7 жасынан 21 жасына дейін орыс тілді ортада өскендігін айтып өтті. Ал кейін 8 жыл бойы АҚШ-та ағылшын тілін үйренгендігін айтты.
Сағадиев мәдени тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ажырата білудің қажеттілігін айтты. Білім министрі әдебиеттің көбі тек ағылшын тілінде шығарылатындығын еске салды. Сонымен бірге, ол статистикалық мәліметтер бойынша, ағылшын тілінде жыл сайын 500 мыңнан аса кітаптың басылып шығатынын еске салды.

"Қазақстандағы білім реформасы туралы айтатын болсақ, бізге мектептің бір үлгісі керек. Қазіргі мектептер сияқты емес. Бұл мектепте барлық техникалық мамандықтар ағылшын тілінде, Қазақстан тарихы мен мәдениеті қазақ тілінде, ТМД елдерінің тарихы мен мәдениеті орыс тілінде оқытылады. Үш тілде оқыту міндеттеледі. Балаларымыз да қатты қиналмайды. Алға жылжу бар. (...) Елбасы үш тілде білім беру жүйесі туралы жариялады, барлық мектепті міндетті түрде осы жүйеге ауыстыруға нұсқау берді. Яғни, саяси шешім қабылданып қойды. Енді осы жүйені тек жылдам іске асыру қажет. Мені дұрыс түсініңіздер. Мен анам айтқандай, америкалық мәдениеттің немесе ағылшын тілінің табынушысы емеспін. Иә, ол маған ұнайды. Бірақ біздің балаларға осындай кітаптарды алуға мүмкіндік керек, әйтпесе біз жеңіліп қаламыз", - деді министр.

"Бізге болашақта мәдениетімізді өзгертетін трендтерді түсіну үшін ғылым қажет. (...) Біз ата-ана ретінде білім берудің барлық мақсаты мен тапсырмасын ажырата білуіміз керек. Егер осыны білсек, мәселе өздігінен шешіліп, баланы қай тілде оқыту керектігі жайлы мәселеге нүкте қойылады", - деді ол.

Сағадиев Қазақ ұлттық университетін бітірген. АҚШ-тың Миннесота штатындағы оқу орнын бітіріп, магистр атағын алған. Ол Халықаралық IT университеті мен Халықаралық Бизнес университетінің негізін қалағандардың бірі. Оның әкесі - Кенжеғали Сағадиев белгілі экономист, қоғам қайраткері.


© primeminister.kz

Жаңа лауазымға тағайындалған министрді ұжымға премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырды. Дегенмен, Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінде бұрынғы министр Аслан Сәрінжіповтің қандай лауазымға тағайындалғаны туралы ақпарат берілмеген еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer