12 ақпан 2016 | 17:33

Астанада әлеуметтік желілер арқылы радикалды видеолар таратқан адамға жаза кесілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Likeni.ru © Likeni.ru

Астана қаласында әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап, дін туралы пікір білдіріп, радикалды аудио, видео материалдарды таратқан қала тұрғынына жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласында әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап, дін туралы пікір білдіріп, радикалды аудио, видео материалдарды таратқан қала тұрғынына жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласының тұрғыны "Вконтакте" әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, компьютерлік клубта және ұялы телефон арқылы ислам мемлекеті террористік ұйымы туралы видеороликтер қарап, оны көшіріп, ол туралы пікірлерін білдіріп хат жазысқан", - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, әлеуметтік желіні пайдаланушының жеке парақшаларындағы ақпараттар "қарулы джихад" туралы негізгі принциптер мен ережелерді тыңдаушыға жеткізу және оны түсіндіруге бағытталған. "Онымен қоса желіні пайдаланушының сөздерінде "кафирларға" қарсы теріс іс-әрекеттерді ояту бар. Айтылған сөздер теріс кейіптегілердің кемшіліктерін құрайды және де тыңдаушыларды басқа діни ағым өкілдеріне қарсы арандатып, "қарулы джихад" құруға шақырады", - деді Прокуратура өкілдері.

Әлеуметтік желідегі пайдаланушылар арасындағы Интернет хат алмасу барысындағы сөздер, мұсылман дінін уағыздамайтындарға (кафирлар) және діннен алыстағандарға қарсы зорлық-зомбылық қажеттігін көрсетеді.

"Сарыарқа аудандық №2 сотының 2015 жылғы 26 қарашадағы үкімімен қала тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодікстің 174-бабының 2-бөлігі, 256-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп табылып, мүлкі тәркіленді, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

 

2016 жылы 26 қаңтарда Астана қаласы қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы сот үкімін өзгеріссіз, сотталғанның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer