Астанада "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы түтіндеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы түтіндеді © Tengrinews.kz

"Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы түтіндеп, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығы түтіндеп, адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, түтін үшінші қабатта орналасқан мейрамханалардың бірінен шыққан. Сағат 17.00 шамасында түтін бүкіл ғимаратқа жайылып кетті. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер адамдарды эвакуациялай бастады.


© Асқар Еркен

Төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 16.45-те түсті. Алты минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті. Олар Хардис дәмханасының асханасында электр сымының өртенгенін анықтады. Өрт дереу өшірілді. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.


©Tengrinews.kz

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети