15 ақпан 2016 | 02:17

Аян Мейірбаевтың әкесі Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Аян Мейірбаевқа Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген айып тағылды. © "ВКонтакте" Аян Мейірбаевқа Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген айып тағылды. © "ВКонтакте"

Tengrinews.kz редакциясы өскемендік бизнесмен Есен Мейірбаевпен байланысқа түсті. Оның баласы Аян Мейірбаевқа медициналық жоғарғы оқу орнының студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген айып тағылып отыр. Осы іс бойынша тағы үш адам қамауға алынды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz редакциясы өскемендік бизнесмен Есен Мейірбаевпен байланысқа түсті. Оның баласы Аян Мейірбаевқа медициналық жоғарғы оқу орнының студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген айып тағылып отыр. Осы іс бойынша тағы үш адам қамауға алынды.

Есен Мейірбаев біздің порталға берген сұхбатында баласын сипаттап берді. "(...) Тергеу органдары барлығын анықтап, болып жатқан оқиғаға ақылға қонымды түсінік береді. Аянға келер болсам, ол жақсы бала. Оған қатысты айтылып жатқан сөз маған оңай тиіп отырған жоқ, бірақ ашуға берілмеймін, ешкімді айыптамаймын, ешкімді қорғаштамаймын. Белгілі бір күш құрылымдары бар, олар барлығын анықтайды", - деді ол.

Қазіргі уақытта Аян Мейірбаевтың әкесінен осы іс бойынша куәгер ретінде жауап алыну үстінде. Ол баласынан ертеде Ерасыл Әубәкіров жайлы естімегенін, оның үстіне осы іс бойынша аты аталып отырғандар жайлы да білмегенін айтып берді. "Менің балам шағын коммерциялық келісімдерде сатып алу жүйесінде кейбір тапсырмаларды орындаған. Ол компаниямда заң жөніндегі кеңес беруші маман болды", - деп түсіндірді ол. 

Ал "Ірі бизнесмен ретінде тергеу барысына әсер етіп, қысым түсіре аласыз ба?" деген сұраққа ол былай деп мәлімдеді: "Кәсіпкер деген кім? Ол құдай емес, құзыры бар адам емес. Ол қарапайым еңбекқор, таңғы алтыдан түнгі он екіге дейін түрлі нысандарда жұмыс істейді. Егер ол өмірінде жетістікке жетсе, өз ақылымен, еңбегімен жетеді. Ал ол кәсіпкердің баласы болса, міндетті түрде біреу болуы керек пе?". 

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеолар мен аудиоларға қатысты ойын айтты. "(...) Мұны да тергеу шешеді. Оқиғаның әрбір сағатын, әрбір минутын, секундын қалпына келтіруге болады. Бұл әділ болады. Сол нысанда не болғанының барлығын анықтайды", - деді ол.  

Есен Мейірбаевтың адвокаты, өкілі Ерлан Бекболов тергеу мүддесіне қатысты құпия материалдарды таратпау жөнінде өтініш бергендерін айтты. "Видеодағы мәселені тергеу баға береді. Біз өтініш бердік, шын мәнінде бұл суреттер мен видеолар тергеу мүддесі үшін құпия сақталуы тиіс, олар қоғамдық пікірді қалыптастырады, мұны қолданып кетуге мүдделі адамдар болуы мүмкін, сондықтан бұл тергеудің әділ өтуіне және толық болуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз осы материалдардың бұдан былай Интернетте пайда болмауына қатысты өтініш түсірдік. Бізге тергеудің құпиялығы жайлы айтады, бірақ бізге белгісіз дереккөздерден видеолар мен суреттер пайда болып, біржақты пікірді қалыптастырады", - деді ол.

Бекболовтың айтуынша, тарап әзірше ресми мәлімдеме жасамайды. "Құзырлы органдардың ресми мәлімдемелерін күту дұрыс болар еді. Істі ҚР ІІМ тергеу комитеті тергеп жатыр. Өз ісінің мамандары іске кірісті. Аянға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша айып тағылды. Біз тергеудің нұсқасымен келіспейміз, тергеудің аяқталуын күтіп отырмыз. Тергеу мүддесіне байланысты құпияларды біз жария ете алмаймыз. (...) Аянды 10 ақпанда ұстады", - деді адвокат. 

"Ол ұшақпен өзі келді. Ешкімнен жасырынған жоқ. Ол маған Өскеменге ұшып келді де, басынан өткен жағдайды түсіндірді. Мен осында ұшып келдім. Оған қайтып кетіп, түсіндіруі керектігін айттым. Қашып кеткісі келсе, қашатын еді, жасырынғысы келсе, оның оған мүмкіндігі болды. Ол шақыртылған күні-ақ ұшаққа отырды да, Астанаға ұшып келді. (...) Басты назарды менің ұлыма аударып отырғандары байқалады, фамилиясын атап. Олай болса барлығының да аты-жөнінің аталғанын қалаймын", - деді Есен Мейірбаев. 

23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. 

Ерасыл Әубәкіров елордадағы жоғары оқу орнының алтыншы курсында оқыды. 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмады. Келесі күні достары оның жоғалып кеткенін хабарлады. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer