15 ақпан 2016 | 14:06

Назарбаевтың тапсырмасынан кейін елімізде баспананың бағасы қандай болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үкімет отырысында тұрғын үй құрылысын ынталандыруға қосымша қаржы бөлінгеннен кейін елімізде шаршы метрдің орташа бағасының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үкімет отырысында тұрғын үй құрылысын ынталандыруға қосымша қаржы бөлінгеннен кейін елімізде шаршы метрдің орташа бағасының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй құрылысын ынталандыруға қосымша 360 миллиард теңге бөлінеді, ол 2017 жылы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жоспарланған үш миллиард доллардан алынады, нақтырақ айтқанда сол қаржының миллиард доллары 2016 жылға бөлінеді.

Досаевтың түсіндіргені бойынша, ЖАО кезегінде тұрғандарға арналған жалға берілетін баспаналар құрылысы мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ желісі бойынша ішкі көшіқон өңірлік квотасын жүзеге асыру мақсатында 53 миллиард теңге аударылады, оның 42 миллиард теңгесі 2016 жылы құрылысты аяқтауға бағытталса, қалған 11 миллиарды 2017 жылға бөлінеді.

Баспаналардың шаршы метрінің құны Астана мен Алматыда 200 мың теңгеден аспайды, ал қалған өңірлерде - 180 мың теңге, бұл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қоса есептегенде.

Астана мен Алматыда одан әрі сатып алынбайтын жүйе бойынша жалға алудың бағасы әр шаршы метр үшін шамамен 640 теңге болса, өзге өңірде - 550 теңге, ал одан әрі сатып аламын дейтіндер үшін Астана мен Алматыда әр шаршы метр 1230 теңгеге, ал өзге өңірлерде 1110 теңгеге бағаланады. 2016 жылы осы механизм бойынша 324 мың шаршы метр баспана пайданалануға беріледі.

Жалға берілетін баспаналардың құрылысы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ облигацияларын шығару арқылы жүзеге асырылады, ол 0,1 пайызбен 20 жылға, кейін "Бәйтерек девелопмент" АҚ 20 жылға 0,15 пайызбен қарызға беріледі.

"ТҮҚЖБ" АҚ (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) салымшылары үшін несиеге берілетін тұрғын үйлердің құрылысы үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ арқылы 149 миллиард теңге бөлінеді.

Астана мен Алматыда баспаналардың әр шаршы метрінің бағасы 180 мың теңгеден аспайды, ал қалған өңірлерде - 140 мың теңге, бұл баға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымсыз есептегенде. 2016 жылы бұл механизм бойынша 814 мың шаршы метр баспана беріледі.

Сонымен қатар, жеке құрылыс компанияларын қолдауға 2016 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (СҚ Жылжымайтын мүлік қоры) арқылы 97 миллиард теңгенің бөлінетіні белгілі болып отыр.

Алматы мен Астанада баспаналардың шаршы метрі 240 мың теңгеден, өзге аймақтарда 200 мың теңгеден аспайтын болады.

Құрылыс компанияларына бірқатар талаптар қойылады, олардың арасында жер телімдерінің болуы, мемлекеттік сараптамадан өту, қаржыландыру мен банк кепілдемесінен кейін 18 ай ішінде қаржыны қайтару және тағы да басқалар бар. 

Бұл механизм бойынша биыл 404 мың шаршы метр баспана тұрғызылады.

Еске сала кетейік, 10 ақпанда Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы баспана құрылысына қаражат бөлуді тапсырды. Қазақстан Президенті қаржылық мүмкіндіктерді, соның ішінде теңгенің айырбас бағамын өзгерту есебінен болған үнемдеуді ескере отырып, бірқатар бағыт бойынша дағдарысқа қарсы қосымша шараларға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылданғанына назар аударды.

Саланың одан әрі дамуына қолдау жасау үшін "Нұрлы жол" бағдарламасын 2017 жылы жүзеге асыруға жоспарланған қаражатты 2016 жылға ауыстыру есебінен 360 миллиард теңге бөлу жөнінде тапсырма берілді.

"Осы қаражаттың 53 миллиард теңгесі "Бәйтерек" холдингі желісі арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыруға, 149 миллиард теңгесі несиелік тұрғын үй құрылысына, соның ішінде 22 миллиард теңге салымшыларды жергілікті атқарушы органдар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиелеуге бағытталады", - деді Президент.

Қазақстан Президенті бұл шаралар 2016 жылы қосымша 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге және ІЖӨ өсіміне үлес қосуға мүмкіндік беретінін айтты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer