16 ақпан 2016 | 14:36

Назарбаев Алматы әуежайының мәселелерін шешуді тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әуежайы мәселелерімен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әуежайы мәселелерімен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыны дамыту және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек шара барысында 30 мыңнан аса турист келуі мүмкін екенін айтты. "Туризмді дамыту үшін бірнеше мәселелені шешу маңызды болып отыр: біріншіден, әуежайды модернизациялау. Қарбалас кезінде терминалдағы жолаушылар саны әдеттегіден бір жарым-екі есеге дейін асып кетеді. Алматыда 5 миллион жолаушыға төрт қана трап бар, ал Бакуде 3 миллион жолаушы үшін16 трап жұмыс істеп тұр", - деді қала басшысы.

Осыдан кейін Президент инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтен осы мәселені шешу үшін қандай шаралар қолдану керек екенін сұрады. "Жылына 5 миллион жолаушыны қабылдау қазір қолайлы. Екінші терминалды салу керек болады", - деді министр.

Әуежай президенті Айбол Бекмұхамбетов болса, қазір әуежайға трап емес, жолаушыларды қабылдайтын орындар керек екенін айтты. "Әуежай ішінде адамдар кезекте тұрмайды. Менің ойымша, биыл жолаушылар саны 4,5 миллионға дейін азаюы мүмкін", - деді ол. Осыдан кейін Байбек жаңа әуежайдың 5-7 жылдан кейін тұрғызылатынын айтты.

"Біз Қапшағай жөнінде он жылдан бері естіп жүрміз. Ештеңе шығып жатқан жоқ. Біріншіден, мұның барлығын жақсылап есептеу керек. Әуежайдан қалаға дейін неше минутта жетуге болады. Қазір Астанаға дейін ұшақпен бір сағат жиырма минут кетеді, егер әуежайдың өзіне бір сағат жиырма минут кетсе, сонда қанша болады? Яғни, Әсет Өрентайұлы, акционерлерді жинап, нақты жоспар ұсын. Егер жолаушылар қабылдайтын орын керек болса, оны тезірек істеу керек. Терминалдың ішіне бірдеңе істеу керек болса, оны да іске асырған жөн. Әуежай туристер үшін жақсы жұмыс істеп тұруы керек", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer