Қазақстан спортшыларының Рио Олимпиадасында жүлделі болу мүмкіндігі күрт төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан спортшыларының Рио Олимпиадасында жүлделі болу мүмкіндігі күрт төмендеді

Қазақстандық спортшылардың Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында жүлделі болу мүмкіндігі күрт төмендеді. Infostrada сараптама орталығы 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жүлделі орындарды иелену мүмкіндігін есептеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 28-орын алуы мүмкін. Айта кетейік, 2015 жылдың тамызында мамандар Қазақстан құрамасының 15-орында болатынын айтқан еді. Ол кезде мамандар алтын-күміс-қола жүйесі бойынша ұлттық құраманың 6-4-3 медаль алатынын болжаған еді. Қазір болжам 2-5-7 болып өзгеріп отыр. Айта кетейік, жүлдегерлер тізіміне Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин енгізілмеген. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Мамандардың болжамы бойынша, бірінші орынды 42-24-28 медальмен АҚШ құрамасы алады. Ал екінші орынды 34-31-17 медальмен Қытай елінің спортшылары, үшінші орынды 25-20-24 медальмен Ресей құрамасы алуы мүмкін.

Айта кетейік, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 5 тамызда Рио-де-Жанейрода басталады. Алдыңғы Олимпиада ойындары Лондонда өткен еді. Ол кезде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 12-орын алған болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +35
Ақтау +32
Ақтөбе +31
Атырау +34
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +29
П
Павлодар +23
Петропавл +36
С
Семей +31
Т
Талдықорған +35
Тараз +41
Түркістан +30
О
Орал +32
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер