19 ақпан 2016 | 13:14

Қазақстандық дизайнерлер Олимпиада ойындарына арналған киімге қатысты пікір айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Vesti.kz © Vesti.kz

Қазақстандық дизайнерлер Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына арналған киіміне қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спорт киімдері Астанада кеше таныстырылған болатын. Алайда формаға өзгеріс енгізілетін болды. Қорытынды нұсқаның келесі аптада таныстырылатыны да айтылды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық дизайнерлер Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына арналған киіміне қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Спорт киімдері Астанада кеше таныстырылған болатын. Алайда формаға өзгеріс енгізілетін болды. Қорытынды нұсқаның келесі аптада таныстырылатыны да айтылды. 

Жаңа форманы көпшілік дереу сынай бастады. Мәселен, модельер Сәкен Жақсыбеков Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында түстер реңкі мен костюмдердің тігісіне ескерту жасады. Оның пікірінше, Олимпиадаға киіп шығатын форма Қазақстан құрамасының ұлттық ерекшеліктерін ашпайды. 

"Біріншіден, пішімі өте нашар. Модельдер кигенде денеге сәйкес "отырмайды". Белгілі бір спортшының физикалық сымбатын есепке алу керек. Меніңше, түстер реңкі тіпті де дұрыс таңдалмаған, бұл түс гаммалары Швецияның түсіне ұқсайды. Сосын Олимпиада ойындарының Риода өтетінін ескеру керек, аяқ киімді жеңіл етіп, формаға бас киімді қосу керек. Колористика жоқ және ұлттық символикамен байланысты таппайсыз. Көк көйлек - too much. Басқаша жасауға болар еді. Бізден, дизайнерлерден кеңес сұраса, біз қуана-қуана көмектесер едік", - дейді Сәкен Жақсыбеков. 

"Құралай" сән үйінің негізін қалаған Құралай Нұрқаділова да Қазақстан құрамасының костюмдеріне қатысты пікірін айтып өтті. Алайда ол қатты сынай жөнелмеді. Еске салайық, Нұрқаділова 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына киіп шығатын шеру формасын тігіп берген болатын.  

"Біржақты пікірімді айтар бослам, біздің еліміз әлемдік қауымдастықта жас мемлекет саналады, формада байрағымыздың түстер гаммасы қала бергенін қалаймын. Бұл түс біздің Тәуелсіздігіміздің символы. Сондықтан Олимпиада сияқты айтулы оқиғаларда Қазақстан сәйкес түстес киімін көрсетуі керек. Иә, кейбіреулер сары мен көктің Украинаның түсі екенін айтады, бірақ ұқсатпау үшін араластырып көру керек, түстер өте ұқсайды. (...) Мен қандай идея айтылса да шығармашылықтың адамы болғандықтан оны қолдаймын. Оның үстіне өзгерткелі де жатыр екен. Киімді өндіргендерді сөге бермеу керек", - деді Құралай Нұрқаділова. Нұрқаділова тіпті шеру формасындағы ыңғайлы аяқ киімді мақтады.  

Оның айтуынша, қазір ол Рио-де-Жанейрода қазақстандық ту ұстаушының костюмін дайындап жатыр екен. 

Tengrinews.kz редакциясы Қазақстан құрамасының әр Олимпиада ойындарына қандай киімдергі киіп шыққанын еске салу мақсатында суреттерден жинақ жасады. 


© "Құралай" сән үйі ұсынған сурет

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer