24 ақпан 2016 | 11:46

Астана әкімі тұрғын үйлердің кім үшін салынатынын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі тұрғын үйлердің кім үшін салынатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала сайтындағы хабарға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі тұрғын үйлердің кім үшін салынатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала сайтындағы хабарға сілтеме жасап.

Өткен жылы Астана құрылыс саласында жас қаланың тарихындағы ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. 2015 жылы 1 миллион 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштерге қарағанда екі есеге жуық артық - 46 пайыз. Құрылыс жұмыстарының көлемі 14 пайыз, 471,6 миллиард теңгеге дейін өсті. 4 ақпанда Конгресс-холлда Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің халықпен есеп беру кездесуінде осындай мәліметтер жария етілді.

Төрт мектеп, сегіз балабақша және бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. "Тұрғын үймен қамту мәселесі кез келген адам үшін басты мәселелердің бірі болып табылады", - деді Әділбек Жақсыбеков. Қала басшысы қалада баспана бірнеше бағыт бойынша өткізілетінін атап өтті: "Қазақстандық ипотекалық компания", "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы, "Самұрық - Қазына" жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша, "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша.

2015 жылы 15,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, соның ішінде 4200-і "Қолжетімді тұрғын үй-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жоба қолға алынғалы апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан адамдарды көшіру үшін ақысыз негізде 1762 пәтер берілді. Жалпы өткен жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында азаматтарға 3200 астам пәтер үлестірілді, соның ішінде 672 пәтер жас отбасыларға берілді.

Есеп беру кездесуінде белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін Астанада 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша қалған екі тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қалада тағы да бір жоба қолға алынбақ - қаланың коммуналдық кәсіпорындардың, көлік және энергетика сала қызметкерлері, басқа мекемелер мен ұйымдардың жұмысшыларына арналған арендалық қызметтік баспана.

"2016 жылы елорда әкімдігі кем дегенде құрылыс саласындағы экономика өсімінің қарқынын сақтап қалуды жоспарлап отыр. Әкімдік қосымша қаржы тарту үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті пайдалана отырып, жұмыс істеуде, соның аясында биыл 4 балабақша, 4 амбулатория және 4 паркинг салу жобаларын жүзеге асыру көзделген", - делінген қала әкімдігінің сайтындағы хабарда.

Заңнаманы белден басып, құрылыс жүргізген сенімсіз компаниялар туралы бөлек айтылды. Өткен жылы құрылыс бойынша 909 бұзушылық пен баспананы заңсыз сатудың 37 дерегі анықталды. "Барлығына қатысты заңмен қарастырылған шаралар қабылданды. Үкіметке үлестік құрылыста бақылауды күшейту жөніндегі ұсыныстар жасалды", - деді Астана әкімі. Оның айтуынша, әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссия аясында әрбір проблемалық нысан бойынша шешімдер алгоритмі әзірленді.

Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындарын құрылыс компаниясын таңдау кезінде жауапты болуға шақырып, құрылысқа үлестік қатысқанда олардың белгілі бір тәуекелдерге баратындарын, сондай-ақ бұл туралы қала әкімшілігі ұдайы хабарлап отыратынын еске салып өтті. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer