25 ақпан 2016 | 12:32

Жыныстық қатынасқа қазақстандықтардың 64 пайызы мектеп жасында түскен - зерттеу

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Smartandhappychild.ro © Smartandhappychild.ro

Қазақстандықтардың 64 пайызы жыныстық қатынасқа алғаш рет мектеп жасында түскен. Мұндай нәтиже Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА) жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың 64 пайызы жыныстық қатынасқа алғаш рет мектеп жасында түскен. Мұндай нәтиже Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА) жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2011 жылы ЮНФПА жастардың арасында зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесі қазақстандықтардың 64,6 пайызының жыныстық қатынасқа мектеп жасында, яғни кәмелет жасына толмай тұрып түсетінін анықтады. Сонымен қатар, жастардың 13,6 пайызы алғашқы сексуалдық тәжірибеден 15 жасқа дейін өтсе, 50 пайызы 18 жасқа дейін өтеді. Жасөспірімдердің негізгі бөлігі тәуекелге бара отырып, жыныстық қатынасқа сақтанбай түседі. Мектеп жасындағылардың 40 пайызының екі немесе одан да көп жыныстық серіктесі бар", - деді Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев.

Сонымен қатар, ол жүкті болған әйелдердің сауалнамаға жауап бергендерінің ішінде 62 пайызының түсік тастағанын, ал қалған 38 пайызының өмірге нәресте әкелгенін айтты. Райымбек Сисемалиевтің мәліметінше, жеткіншек қыздардың арасында туу көрсеткіші өте жоғары және бұл өсіп келе жатыр.

Мысалы, 2010 жылы 15-19 жас аралығындағы 1000 қыздың ішінде жүкті болғандардың саны 28,3 болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 34,7-ге жеткен.

"Айта кеткім келеді, бұл Экономикалық және әлеуметтік даму ұйымы елдерінің көрсеткішінен 6 есеге жоғары. Бұл елдерде 15-19 жас аралығындағы 1000 қыздың ішіндегі жүкті болғандарының саны 4,6-ға тең", - деді Сисемалиев.

Ұйым өкілі жасөспірім кездегі жүктілікке Қазақстан бюджетінен 5 жылда 100 миллион доллардың жұмсалатынын айтты. Бұған баланың өмірге келген кезінде берілетін ақша мен жәрдемақы кіреді.

"Бұл қаржыны жүкті болған жасөспірімдерді қолдауға жұмсағаннан, оның алдын алуға пайдаланған жөн", - деді Сисемалиев.

ЮНФПА осы мәселені шешу бойынша бірнеше кеңес берді. Мысалы, әйелдерге сексуалдық және репродуктивті денсаулықты қорғауға мүмкіндік беріп, жасөспірім қыздардың осы жөнінде білімді болуына жағдай жасау керек.

Тағы бір ұсыныс - әйелдерге қатысты жасалған зорлық түрлері туралы кешенді мәлімет жинақтау.

Райымбек Сисемалиев мәселені шешу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған жобаны мысалға алды. Облыста валеология негізінде сексуалдық және репродуктивті денсаулық сақтау курсы ашылған. Ол жобаның нәтиже беріп жатқанын мәлімдеді. ЮНФПА мәліметінше, бұл жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға көмектесетін негізгі әдіс.

"Біз еліміздің барлық колледждерінде валеология курстарына репродуктивті денсаулықты сақтаудың күшейтілген құрамын енгізуді ұсынамыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer