29 ақпан 2016 | 09:36

Шешендер Қадыровтан отставкаға кетпеуін сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Instagram.com/kadyrov_95 © Instagram.com/kadyrov_95

Жексенбіде Грозныйда Азаматтық форум өтті. Форумға қатысушылар Ресей президенті Владимир Путиннен Рамзан Қадыровты Шешенстан басшысы қызметіне қалдыруды қолдауды сұрады. Бұл туралы республика үкіметінің ресми порталында жарияланған қарардың мәтінінде айтылған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жексенбіде Грозныйда Азаматтық форум өтті. Форумға қатысушылар Ресей президенті Владимир Путиннен Рамзан Қадыровты Шешенстан басшысы қызметіне қалдыруды қолдауды сұрады. Бұл туралы республика үкіметінің ресми порталында жарияланған қарардың мәтінінде айтылған.

Форумға қатысушылар республикадағы жағдайдың тұрақты болуы және мемлекеттік билік жұмысының тиімділігі Қадыровтың әрекетінің арқасында деп санайтындарын жеткізді. Қадыровты қолдағандар оның орнын баса алатын адамның жоқ екенін айтып отыр.

"Шешенстан Республикасының халқы оны ұлттық көшбасшы лауазымын айырмайды, сонымен қатар, саяси аренада оның болуын қажет деп есептейді. Сонымен қатар, мұсылман, шешен халқының адал ұлы және Ресейдің патриоты ретінде ол халықтың қалауына бағынуға міндетті!", - делінген құжатта.

Бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өңірді басқару лауазымының уақыты аяқталғанын мәлімдеді және ол мемлекет басшылығындағы бұл қызметке басқа адамды табу қажет екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, Қадыров өзін алдағы уақытта федералдық министр немесе депутат ретінде көре алмайтынын мәлімдеді.

Қадыров өзін қолдау үшін митинг өткізбеуді де сұрады. "Мен өз мәлімдемеме қатысты үндеулерді оқимын. Билікте қалдыру үшін митинг және өзге де акцияларды өткізу жөнінде ұсыныстар пайда болды. Әрине, халықтың мұндай қолдауы үшін қуанамын. Өмірді халыққа арнау керегіне тағы бір мәрте көзім жетті. Бірақ ешқандай митингтің қажеті жоқ. Мен сол үшін өз ойымды айтқан жоқпын", - деп жазды Қадыров Instagram-да.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer