29 ақпан 2016 | 10:05

Синоптиктер наурызда ауа райының қандай болатынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда наурыздың алғашқы жартысында 27 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда наурыздың алғашқы жартысында 27 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, наурызда республиканың көп бөлігінде күн жылынып, ауа температурасы 1 градус нормасынан жоғары болады. Ал еліміздің оңтүстік-шығысында және батыста ауа температурасы климаттық норма аясында болады. Батыста, шығыста, солтүстіктің шеткі аймақтарында және оңтүстіктің таулы аудандарында шауын-шашын нормадан артық түссе, қалған аймақтарда нормадан төмен болады.

Метеоқызметтің мәліметінше, алғашқы декадада Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. "Сонымен қатар, антициклонның келуімен түнде ауа температурасы солтүстік аудандарда 12-20 градусқа дейін, шығыста кей жерлерде 27 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік өңірде 0-5 градус аяз болса, оңтүстік-шығыста 8-13 градусқа дейін күн суытады", - деді кәсіпорын қызметкерлері.

Синоптиктердің айтуынша, айдың соңында ауа райы қайтадан жылынады. "Айдың екінші жартысында күн жылынып, жауын-шашын мөлшері азаяды. Тұрғындар күннің жылынуын үшінші декадада ғана сезіне алады. Ол кезде солтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы 2-10 градусқа дейін жылынса, оңтүстік өңірлерде 12-17 градус жылы болады", - деді синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer