Көктем жауын-шашынмен басталады - синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көктем жауын-шашынмен басталады - синоптиктер © Tengrinews.kz

Қазақстанда 1-3 наурыз аралығында жауын-шашын, көктайғақ және күшті желдің соғуы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорны.


Қазақстанда 1-3 наурыз аралығында жауын-шашын, көктайғақ және күшті желдің соғуы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорны.

"Солтүстік-Атлантика циклонымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының батысынан шығысына қарай қозғалып барады. Сол фронттармен солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде жауын-шашын, боран, көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін жететін желдің соғуы күтіледі", - деді синоптиктер.

Ал оңтүстік облыстар Каспий циклонымен байланысты фронттардың әсерінде болады екен. "Алдағы үш тәулікте бұлтты, жауын-шашын, көбінесе жаңбырлы ауа райы, таулы аймақтарда күшті қарлы жаңбыр күтіледі. Температура төмендейді, алайда барлық аумақта климаттық нормадан жоғары болады", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course down  574.22  course down  6.3  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети