29 ақпан 2016 | 19:23

Қарағанды облысында қарауыл 9 жастағы балаға 60 рет пышақ салды деп айыпталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© comi-news.ru © comi-news.ru

Қарағанды облысындағы Ағадыр ауылының 21 жастағы қарауылы 9 жастағы баланы өлтірді деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық Қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 9 жастағы баланың денесіне 60 рет пышақ салынғаны және мәйіттің қазандықтан табылғаны хабарланып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысындағы Ағадыр ауылының 21 жастағы қарауылы 9 жастағы баланы өлтірді деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық Қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 9 жастағы баланың денесіне 60 рет пышақ салынғаны және мәйіттің қазандықтан табылғаны хабарланып отыр.

Жантүршіктірер кісі өлтіру оқиғасы 2015 жылдың 26 қазанында Шет ауданындағы Ағадыр ауылының соғылып жатқан "Алтын ұя" мейрамханасының маңында болған. Күдікті бұл мекемеде қарауыл болып жұмыс істеген.  

Іс материалдарына қарағанда, қылмысқа баланың қорлау мәніндегі сөз айтуы себеп болыпты. 4 сынып оқушысы мейрамханаға құрылысшы болып істейтін әкесін іздеп келіп, таппай, кейін қарауылдан ұялы телефонын ойнай тұруды сұрайды. Бірақ қарауыл бермей қояды. Осыдан кейін бала оған қарата қорлау мәніндегі сөз айтқан делінеді. 

Іс материалдары бойынша, қарауыл отын қоймасынан асхана пышағын алып шығып, баланың мойнын кесіп жіберген. Бала қаша бастағанда, ер адам оны қуып жетіп, мойнына 45 рет пышақ салған және желкесіне, арқасына тағы да 16 рет пышақ салған. Мұнда да қайтпай ол баланы таптай бастайды, басынан балғамен ұрып-соққан. Сосын пышағын жуып, еденін тазалап, үйіне кетіп қалған. Бір сағат өткенде қарауыл оқиға орнына қайтып келіп, баланы тастанды отын қоймасына апарып тастаған. 

"Материал сотқа бүгін түсті. Сот отырысының мерзімін әлі бекіткен жоқпыз", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

21 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің "Көрінеу кәмелетке толмаған адамды аса қатыгездікпен өлтіру" бабы бойынша айып тағылды. Ол 9 жылдан 12 жылға дейін мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer