01 наурыз 2016 | 15:26

Сот ҚазҰТУ студентінің өліміне қатысты тергеу ісінен заңбұзушылықты анықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сот ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылоқовтың өліміне қатысты тергеу ісінен бірнеше заңбұзушылық тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Айта кетейік, Алматыда осы іске байланысты сот тексерісі жалғасып жатыр. Сотталушы орындығында - Тілек Текішев. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сот ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылоқовтың өліміне қатысты тергеу ісінен бірнеше заңбұзушылық тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Айта кетейік, Алматыда осы іске байланысты сот тексерісі жалғасып жатыр. Сотталушы орындығында - Тілек Текішев. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Кезекті сот тыңдауында судья Людмила Бектемірова қылмыстық істің материалдарымен танысып, тергеу амалдарынан бірнеше құқықбұзушылық анықтады. Яғни, ол прокурорға айыптау органының лайықсыз ұсынылған материалдарды қабылдауына сөгіс айтты. Тергеу бөлімінің қызметкері Олжас Байбековтың тергеу амалдарын жүргізу кезінде бірнеше рет заңбұзушылық жасағаны белгілі болды.

Осыған байланысты сотталушының адвокаты Бекболат Жексейітов ауызша шағым айтты. Ол осы істің тергеушісін тәртіптік жауапқа тартуды ұсынды. "Тергеу амалдары кезінде бірқатар заңбұзушылық болды. Оның іске салғырт қарауынан менің қорғауымдағы адам өзінің конституциялық құқықтарын қорғай алмады. Тағы бір айта кететін жәй, барлық дерек бұрмаланған, екіжақты төбелес болған сияқты етіп келтірген, ол кезде менің қорғауымдағы адам қаза табушының әрекетінен қорғанды. Сонымен қатар, қорғалушым тергеушіге болған оқиғаға қатысты дәлелдерін келтіре алмады, себебі одан бір-ақ рет жауап алынған. Әрі бұл оқиға күні болды, ол кезде қорғалушым жарақат алған еді. Ол физикалық тұрғыда қатты зардап шексе де, оған медициналық көмек көрсетілмеген", - деді адвокат.

Құқық қорғаушы тергеушінің істі объективті түрде жүргізбегенін де алға тартты. "Заң жүзінде тергеуші дәлелді Қылмыстық-процестік кодекс бойынша ғана жинай алады. Судьяның да бүгін Байбековтың заңбұзушылықтар жасағанына көзі жетті. Мен тергеушінің әрекеттерінен қылмыстың белгілерін көріп тұрмын", - деді Бекболат Жексейітов.

Еске сала кетейік, кісі өлімі 30 қараша күні Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да болған еді. Дегенмен ресми ақпарат 3 желтоқсанда ғана таратылды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer