Астанадағы "Әбу-Даби Плаза" кешенінен тағы да өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, өрт төменгі екінші қабаттан шыққан.

"4 наурызда сағат 07.47-де "Әбу-Даби Плаза" кешенінің Түркістан көшесі бойындағы ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған жерге жеткен бөлімше қызметкерлері минералды мақтаның (жылытқыш) өртеніп жатқанын анықтады", - деді Иманқұлов.
Өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалынды өшіруге 5 негізгі, 4 арнайы техника және 37 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 08.47-де ауыздықталып, 08.50-де толық өшірілді. "Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, оқиға орнында мамандар жұмыс істеу үстінде", - деді ТЖК-нің ресми өкілі.
Еске салайық, 13 ақпанда осы кешеннен өрт шққан болатын. Жеке құрамнан 40 адам ғимарат ішіндегі өртті сөндірді. 120 адам эвакуацияланды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.