04 наурыз 2016 | 13:12

Сарапшылар елімізде пилоттардың жағдайын тексеруге арналған қатаң бақылау жүйесін қайтаруды ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Facenews.kz © Facenews.kz

Қазақстан әуе тасымалдаушылары ассоциациясының төрағасы Владимир Куропатенко 90-шы жылдардың соңындағыдай ұшу алдында пилоттарды медициналық қатаң тексерістен өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан әуе тасымалдаушылары ассоциациясының төрағасы Владимир Куропатенко 90-шы жылдардың соңындағыдай ұшу алдында пилоттарды медициналық қатаң тексерістен өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кезінде біз ұшуға бір сағат қалғанда үнемі медициналық бақылаудан өтетін едік. Біздің қан қысымымызды өлшеп, көзіміздің қарашығын тексеретін. Егер дәрігер пилоттың денсаулығында аз да болса кінәрат бар деп тапса, оның орны дереу алмастыратын", - деді ол.

Куропатенко 90-шы жылдардың соңында елімізде ұшудың алдында пилотты тексеруден өткізудің алып тасталғанын айтты. "Шетелде пилоттар медициналық баықлаудан өтпейді, біздікелер де кейін осыған көшті. Бұл өте қауіпті. Алкоголь немесе есірткі заттары биікте өте қатты зиян. Мұндай заттарды жерде қолданғанның жөні бөлек. Әуеде мұның барлығы адам миына қатты әсер етеді", - деді Куропатенко.

Еске салайық, таяуда "Эйр Астана" компаниясының пилоты Роман Быковтың Алматы әуежайында есірткі затымен ұсталғаны хабарланған еді. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері растады. "Әуе компаниясының қызметкерлері алкоголь немесе есірткі заттарын мүлде пайдаланбайды. Компания қызметкерлердің қанындағы алкоголь немесе есірткіні анықтау үшін үнемі тексеріс жүргізіп тұрады. Роман Быков қазіргі уақытта әуе компаниясында жұмыс істемейді, осы дерек анықталған бойда ол жұмыстан қуылды", - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer