ҚР сыртқы істер министрінің төрт орынбасары қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР сыртқы істер министрінің төрт орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар тағайындау өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар тағайындау өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Өкімімен Рапиль Жошыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған. Ол EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары қызметін жалғастырады. 

 Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуна байланысты ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен Алексей Волков, Асқар Мусинов, Самат Ордабаев босатылды.

Сонымен, мына тұлғалар тағайындалды: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне; Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети