10 наурыз 2016 | 12:39

Қостанай тұрғыны өз балаларын америкалықтардың заңсыз асырап алғанын мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Қостанай тұрғыны Евгений Поляничко өз қызы мен баласын америкалықтардың заңсыз асырап алғанын осымен сегізінші жыл сот арқылы дәлелдей алмай жүр, - деп жазады "Қостанай жаңалықтары".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай тұрғыны Евгений Поляничко өз қызы мен баласын америкалықтардың заңсыз асырап алғанын осымен сегізінші жыл сот арқылы дәлелдей алмай жүр, - деп жазады "Қостанай жаңалықтары".

Қазір Евгенийдің баласы Леонтий Келарев 11 жаста, ал қылы Виктория 10-да. Олар 2007 жылдың 5 қыркүйегінде асырап алынып, содан бері АҚШ-та басқа аттармен өмір сүріп жатыр. Аттары Закери және Аделин Снайдер. Қостанайлықтың айтуынша, оны алдап соққан - балаларды "Дельфин" деп аталатын Балалар үйінде уақытша тобына қосы, кейін ата-анасы бас тартқандардың санатына қосып жіберген. 


Леонтий мен Виктория енді Закери мен Аделин. © Евгением Поляничко

2015 жылдың соңында облыстық сот ер адамның талабын қанағаттандырмады. Ол балаларынан ажырап қалып, моральдық зиянын көргендіктен өтемақы талап етіпті. Алайда ол мұнымен тоқтап қалғысы жоқ.


Асырап алынған балалар Фитчбург қаласында тұрып жатыр (Висконсин штаты). © Евгением Поляничко

Ал таяуда қазақстандық балалардың Вашингтон штатында өлтірілген оқиғасынан кейін Поляничко Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне өтініш жазып, Америкадағы балаларының жағдайын тексеруін сұрамақ екен. 


© Евгением Поляничко


© Евгением Поляничко


Евгений Поляничко. Фото: Константин Вишниченко

"Біздің заңдарды өзгерту керек. Бірнеше сот, тіпті Жоғарғы сот та балаларымның заңсыз асырап алынғанын айтып, асырап алынбағандардың санатына жатқызды. Бірақ Қазақстанда балаларды қайтару механизмі жоқ. Мен бір ғана талап айттым, моральдық шығынның өтемақысын алып, сол ақшаға АҚШ сотына барып, балаларыммен кездескім келді. Бірақ бұл үмітімді үзіп тастады. Қанша тырысқаныммен, балаларымды асырап алған Эндрю Дин мен Сара Джо Снайдер жауап қатпай отыр. Балаларымның ол жақта қалай өмір сүріп жатқаны жайлы есеп те жоқ, біздің де қорғаншылық органдарымызда бірнеше жылдан бері жоқ. Бұл дұрыс па?", - деп қамығады ол.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол 2010 жылы Қазақстан Президенті Әкімшілігіне осы мәселе бойынша хабарласқан. Сол уақытта ведомстводағылар істі республиканың ішкі істер министрлігіне жолдады. Ал СІМ өкілдері өз кезегінде мәселені шешуге уәде берген, алайда осы күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer