Ақмола облысында автоцистерна аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында автоцистерна аударылып қалды © 900igr.net

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новомарковка ауылының аумағында, Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 97-шақырымында газ толы автоцистерна аударылып қалды.


Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новомарковка ауылының аумағында, Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 97-шақырымында газ толы автоцистерна аударылып қалды.

Облыстық ТЖ департаментіндегілердің "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне хабарлауынша, сұйылтылған газ толы автоцистернаның жүргізушісі рульге ие бола алмай кюветке аударылып, жолдың бетон қоршауына соғылған.

Автоцистернаның жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Көлік "Әлнұр-Газ" ЖШС-ға тиесілі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 499.49  course up  580.27  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети