14 наурыз 2016 | 11:16

Алматыда биік ғимараттар салуға қойылған шектеуге байланысты жылжымайтын мүлік бағасы күрт қымбаттайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыда биік ғимараттар салуға қойылған шектеуден кейін жылжымайтын мүлік күрт қымбаттауы мүмкін. Мұндай пікірді сарапшылар "Крыша" сайтына берген сұхбатында айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда биік ғимараттар салуға қойылған шектеуден кейін жылжымайтын мүлік күрт қымбаттауы мүмкін. Мұндай пікірді сарапшылар "Крыша" сайтына берген сұхбатында айтты.

Айта кетейік, Алматыда 11 наурызда өткен мәслихаттың 51-ші сессиясы кезінде қала құрылысы регламентіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілген еді. Жаңа ережелер әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына ғана емес, сонымен қатар Шығыс айналма жолы ауданы мен Сайын және Жандосов көшелерінің қиылысына да қатысты болып шықты. Енді бұл жерлерде 3 қабаттан, яғни биіктігі 12 метрден және ені 17 метрден асатын ғимарат салуға рұқсат жоқ. Сонымен қатар, әр ғимараттың жеке автотұрағы болуы және ғимарат меридиональ (тауға перпендикуляр), яғни ауа айналымын қамтамасыз ету үшін солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасуы тиіс.

ARISTAN компаниясының вице-президенті Бақытбек Қатен мұндай тыйымдар мен құрылысқа қойылатын талаптардың қатаңдауы қалада, әсіресе осы аудандарда баспана бағасының күрт қымбаттауына әкелетінін айтып отыр.

"Биік ғимараттардың құрылысына тыйым салу баспана бағасының автоматты түрде қымбаттауына әкеледі. Әсіресе, осы аудандарда баға кемінде екі есе қымбаттайды. Мысалы, бұрын бір гектар жерге 10 қабаттан тұратын тұрғын үй салып, шығынды өндіріп алу мүмкін болса, қазір биік ғимарат тұрғызуға тыйым салу лифт, шатыр, ішкі және сыртқы инженерлік желілер мен автотұрақ құрылысына жұмсалатын шығынның көбеюіне әкеледі. Түсініктірек айтсақ, бұрын мұндай шығындар он қабатқа бөлінсе, қазір ол 4,5-ке бөлінеді. Яғни, бұрын шаршы метрге 100 доллардан шығын келсе, қазір 2,5 есе көп болады", - деді Қатен.

Айта кетейік, әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ауданда жылжымайтын мүлік бағасы қазір оңтүстік астана бойынша ең қымбат болып отыр. Мысалы, ауданы 177 шаршы метр болатын 4 бөлмелі пәтер бұл ауданда қазір 120 миллион теңге тұрады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.57  course up  547.82  course up  4.99  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer