16 наурыз 2016 | 12:38

Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Liveinternet.ru © Liveinternet.ru

Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасына өзгеріс енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қарды

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасына өзгеріс енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қарды

"Бағдарламаға 2016 жылғы 17 наурыздағы Басқарманың жуырдағы отырысына тағы бір бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланады. Мысалы, банктердің "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тың салымын игеру кезеңін 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту; Бағдарламаға қатысушылардың тізімін кеңейту (оның ішінде "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ-ты, "Ипотека АФ" АҚ-ты енгізу); қарыз алушы болып есептелмейтін кепіл беруші мен оның зайыбы (жұбайы) үшін 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үйдің жалғыз болуы бойынша шектеуді алып тастау", - делінген банк хабарламасында.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кепілге қойылған жылжымайтын мүлігінде екі отбасының мүшелерінен артық (жақын туыстары) тұратын (ресми тіркелген) қарыз алушылар үшін тұрғын алаңы бойынша шектеуді алып тастау жоспарланып отыр. Тұрғын алаңы бойынша шектеуді алып тастау туралы шешім жеке тұрғын үй құрылысы дамыған және үйлерде бірнеше ұрпақтың туыс отбасылары тұратын үйлері бар өңірлерде қалыптасқан жағдайды ескере отырып қабылданған.

Бағдарламаға меншігінде бағдарламаның критерийлері бойынша тұрғын үй болып табылмайтын (мысалы: коммерциялық жылжымайтын мүлік, саябақ үйі және т.б.), бірақ қарыз алушы және оның зайыбы үшін жалғыз жылжымайтын мүлік болып табылатын және қарыз алушы және оның отбасы нақты тұратын жылжымайтын мүлкі бар қарыз алушылар үшін қарыздарды енгізу мәселесі қарастырылады.

Ұлттық Банк басшысы осы бағдарлама шеңберінде енгізілген өзгерістер туралы да айта кетті. Бұл әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын қарыз алушыларды мемлекеттік баж салығы сомасын төлеуден босату; проблемалық валюталық қарыздарды 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша қайта қаржыландыру; тұрғын үй алаңына қойылатын талаптарды өзгерту (жалпы 120 шаршы метрден тұрғын 120 шаршы метрге); үшінші тұлғалардың кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыру. Бағдарламада егер мүлік қаржы ұйымының балансына қабылданса, кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі де көзделеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer