16 наурыз 2016 | 12:51

Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарды доллардағы депозиттерге қатысты сабырға шақырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

ҚР Ұлттық банкі шетел валютасындағы депозиттерді алуға немесе аударуға қандай да болсын шектеулерді енгізбейді, бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Ақтөбе қаласында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкі шетел валютасындағы депозиттерді алуға немесе аударуға қандай да болсын шектеулерді енгізбейді, бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Ақтөбе қаласында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Экономиканың долларлану деңгейін төмендету ұзақ және аса күрделі міндет болып табылады, оны өзара байланысты шаралар кешенін және Үкімет пен Ұлттық банктің ғана емес, сонымен қатар экономиканың барлық субъектілерінің бірлескен күшін пайдаланған кезде ғана ойдағыдай іске асыру мүмкін болады", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда ұлттық валютадағы депозиттердің тартымдылығын арттыру үшін "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ ұсынған ең жоғары мөлшерлемелер халықтың теңгедегі депозиттері бойынша 9 пайыздан 14 пайызға дейін кезең-кезеңмен көтерілді, ал шетел валютасындағы депозиттері бойынша жылдық 4,5 пайыздан 2 пайызға дейін төмендеді.

Ол халықтың теңгедегі депозиттері бойынша кепілдік беру сомасы 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайғанын мысалға келтірді. "Еркін өзгермелі бағамға өткеннен кейін халықтың ұлттық валютамен ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу тетіктері әзірленді, - деді Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы. - Сондай-ақ, осы валютадағы кірісі жоқ жеке тұлғаларға шетел валютасымен ипотекалық қарыздар беруге алты айға тыйым салу, сондай-ақ банктерді шетел валютасымен қарыздар беруге қатысты қосымша капиталды қалыптастыру қажеттілігі арқылы ынталандырмау шаралары енгізілді".

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов өтемақы берілетін жеке тұлғалардың арнайы есеп шоттарындағы соманың 2016 жылы ақпан айының соңында 69,5 миллиард теңге болғанын мәлімдеді. Оның мәліметі бойынша, өтемақының болжамды сомасы 73,6 миллиард теңге.

Ол сонымен қатар, екінші деңгейлі банк салымшыларына төленетін өтемақы сомасының бағамға байланысты болатынын да атап өтті, 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі, 2016 жылдың 31 қазанындағы, 2016 жылдың 30 қарашасындағы бағам қарастырылады. Сонымен қатар, төлем жүргізілетін күн депозиттің қайта рәсімделген күніне де байланысты болады, 2016 жылдың 10 қазанына дейін, 2016 жылдың 10 қарашасына дейін және 2016 жылдың 10 желтоқсанына дейін.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer