"Қазақстан аруы" сайлауда тұңғыш рет дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы" сайлауда тұңғыш рет дауыс берді Әлия Мергембаева. © Tengrinews.kz

"Қазақстан аруы-2015" Ақтауда Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы-2015" Ақтауда Мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өткен жылы Қазақстанның ең сұлу аруы атанған Әлия Мергембаева сайлауға тұңғыш рет қатысты, себебі ол биыл қаңтарда 18 жасқа толды. Ол дауыс беру үшін Ақтау қаласындағы №13 мектепте орналасқан №27 сайлау учаскесіне келді.


© Tengrinews.kz

"Бұл менің азаматтық парызым, себебі мен бірінші кезекте елімнің азаматшасымын. Енді мен сайлауға үнемі қатысатын боламын. Менің ойымша, сайлауға барлық тұрғындарымыз қатысуы керек, себебі сайлау бәріміз үшін - еліміздің болашақ дамуына деген әлеуметтік үлес", - деді сұхбат кезінде Әлия Мергембаева.


© Tengrinews.kz

Айта кетейік, Маңғыстау облысында 199 сайлау учаскесі ашылды. Өңірде 345 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Маңғыстау облысындағы сайлауды шамамен 300 бақылаушы бақылайды, олардың 13-і шетелдік.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети