23 наурыз 2016 | 16:11

Алматыда адамдардың сайлауға белсенді түрде қатыспауы теңгенің құнсыздануымен байланыстырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы қалалық территориялық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов адамдардың сайлауға аз қатысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық территориялық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов адамдардың сайлауға аз қатысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мұны адамдардың аз келуі демес едім. Динамикаға қатысты айтсақ, біз сайлауды бірінші рет өткізіп отырған жоқпыз ғой. 2007 жылы, мәселен, Алматыда сайлаушылардың үлесі 25 пайыз болды. 2012 жылы сайлауға 41 пайыз адам қатысты. (...) Жақсы ма, жаман ба, білмеймін, бірақ Алматы ауыл тұрғындары көп өзге облыстарға қарағанда сайлауға аз келетінімен ерекшеленеді", - деді Доспанов. 

Территориялық сайлау комиссиясының төрағасының айтуынша, төмен көрсеткіштер әлемдік экономикадағы жағдайға байланысты. 

"Менің жеке пікірім - 2007 жылы ел 2008 жылы басталған дағдарыс қарсаңында болды. Егер 2012 жылды алып қарсақ, ел тұрақты болды, мұнай бағасы тұрақты болды, халықтың табысы тұрақты болды. Сондықтан халық сайлауға белсенді түрде қатысқан болар. Бүгінде әлемдік экономикадағы жағдай жақсы емес. Бұл, әрине, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді, оның ішінде алматылықтарға. Соңғы екі жылда теңгенің айтарлықтай құнсызданғанын жақсы білесіздер. Меніңше, адамдардың сайлауға қызығушылық танытпауының себебі экономикалық себептерде. Алматы - лакмус қағазы сияқты", - деп есептейді Доспанов. 

"Біз негізінде адамдардың сайлауға қатысу көрсеткіші 30-40 пайыз болады деп күттік. 34 пайыз - барлық дамыған елдерде орташа көрсеткіш. Сондықтан Алматы әлемдік, еуропалық стандарттарға таяп келеді. Олардың таңдауын құрметтеуіміз керек - дауыс бергендердің де, дауыс беруге келмеуді дұрыс деп шешкендердің де",  -деді территориялық сайлау комиссиясының төрағасы.

ОСК мәліметінше, Алматыдағы 532 сайлау учаскесінде 1 038 022 сайлаушы тіркелген. 353 мың 965 адам дауыс берді. Алматы бойынша сайлауға қатысқандардың үлесі 34,1 пайызды құрады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer