25 наурыз 2016 | 11:55

Атыраулық экс-полицейге қатысты қылмыстық істі Бас прокуратура бақылауға алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Экс-полицей Манарбек Өтеуов пен Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының бірнеше қызметкеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі Бас прокуратура бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Экс-полицей Манарбек Өтеуов пен Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының бірнеше қызметкеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі Бас прокуратура бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, Өтеуовке қатысты қозғалған қылмыстық іс 29 ақпанда Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына жолданды. Сот отырысы 28 наурызға тағайындалды.

"Тергеу барысында күдікті Манарбек Өтеуов барлық эпизодтар бойынша кінәсін мойындады. Сонымен бірге, ол Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің қала аумағында әртүрлі қылмыстарды ұйымдастырғанын, бірқатар қылмыстық істерді қолдан жасағанын көрсетті. Осы ретте, Арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 361-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істер материалдарын бұрмалау фактілері бойынша Атырау қалалық ІІБ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырау облысының прокурорының басшылығымен жедел-тергеу тобы құрылып, оның құрамына облыстық ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушілері мен жедел қызметкерлері енгені хабарланған еді.

"Қазіргі уақытта қылмыстық істердің тергелуі шеңберінде Манарбек Өтеуовтің дәлелдері тексеріліп жатыр, оларға тиісті процессуалдық баға беріледі", - деді прокуратура өкілдері.

Айта кетейік, экс-полицей  Манарбек Өтеуовке ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 2-бөлігі (жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу), 361-бабының 2, 4-өліктері (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану), 28-бабының 3-бөлігі - 191-бабының 2-бөлігі 3-тармағы (бөтеннің мүлкін ашық жымқыруын ұйымдастыру), 191-бабының 2-бөлігі 1,2-тармақ (күш қолданып тонау), 125-бабының 2-бөлігі 8-тармағы (пайдакүнемдік ниетпен адамды ұрлау), 99-бабының 2-бөлігі 3, 5, 8, 10-тармақтары (адам өлтіру), 362-бабының 4-бөлігі 1, 2, 3-бөлігі (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), 188-бабының 3-тармағы (аса көп мөлшерде жасалған ұрлық), 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша айып тағылды.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ашық хаты жарияланып, кеңінен таралған болатын. Нақтырақ айтсақ, Атырау қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкері, 23 жастағы Манарбек Өтеуов 2015 жылдың тамызында басшыларының бұйрығымен адам өлтіргенін мойындап, хат жазған. Ол хатында адамдардың нақты аты-жөндерін атап, қалалық полиция қызметкерлерінің бірнеше кәсіпкерлерге "жәрдемдесетінін" айтады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course down  4.93  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer