27 наурыз 2016 | 17:09

Top Gear командасы Қазақстанға ұшып келе алмай, Лондонға қайтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Top Gear жүргізушілері. © bbc.com Top Gear жүргізушілері. © bbc.com

Top Gear автошоу командасы "Аэрофлот" әуе компаниясындағы жағдайға байланысты Қазақстанға ұшып келе алмай, Лондонға қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов айтып берді, ол шетелдіктердің Қазақстанға ұшып келуі бойынша консультациялық көмек көрсеткен.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Top Gear автошоу командасы "Аэрофлот" әуе компаниясындағы жағдайға байланысты Қазақстанға ұшып келе алмай, Лондонға қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов айтып берді, ол шетелдіктердің Қазақстанға ұшып келуі бойынша консультациялық көмек көрсеткен.

"27 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 24.00-де "Аэрофлоттың" Қазақстанға дейінгі барлық рейстері жабылды, ал Top Gear рейсі сағат 22.50-де, яғни олар үлгеретін болған. "Аэрофлот" Шымкентке дейінгі рейсін орындап үлгереміз деп болжады, бірақ ұлыбританиялақтар бәрібір ұшып шыға алмады. Кейін, әуе кеңістігі ашылғанда рейстер бірден Алматыға бағыттала бастады, бірақ Шымкентке дейінгі рейс жөнелтілмеді, оның 28-і күні орындалатыны айтылды. Маған түсіндіргендері бойынша, жолаушыларға транзиттік аймақта бір тәуліктен артық уақыт болуға тыйым салынған. Сондықтан Top Gear тобы Лондонға қайтуға мәжбүр болды. Олар қазір Лондонда", - деді Сұрағанов.

Оның айтуынша, енді бағдарламаның Қазақстандағы түсірілімі белгісіз болып тұр. Барлығын продюсерлер шешеді, себебі сапар үшін қосымша қаржы қажет. "Қазір үлкен кеңес болады, ол жерде бағдарламаның Қазақстандағы түсірілімі жөнінде шешім қабылданады. Негізінен, Қазақстанда оларды қарсы алатын адамдар бар", - деді ол. Оның айтуына қарағанда, барлығы түсірілім тобының Қазақстанға 31 наурызға дейін жетуіне байланысты.

"Түсірілім екі бөлімнен тұрады, біріншісі - көліктерді тесттен өткізу, екіншісі - "Байқоңырда", ол жерде зымыранды ұшыру жоспарланған. Олар үшін бұл шараға қатысу өте маңызды, ал ол 31 наурызда өтеді", - деді Сұрағанов.

Айта кетейік, "Аэрофлот" әуе компаниясы Қазақстанға дейінгі тұрақты рейстерін тоқтататынын мәлімдеді, себебі ресейлік тарап ұшуға қажетті рұқсатты алмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін атақты Top Gear бағдарламасының елімізде түсірілетіні туралы хабарланған болатын. Top Gear - ағылшынның автомобильдерге арналған танымал бағдарламасы. Бағдарлама 1977 жылдан бері шығып келеді. Бағдарламаның ресми тарату аудиториясы шамамен 350 миллион адам. Ұлыбританияда ол BBC Two және BBC Two HD арналарында таралады. Ал 2009 жылы Top Gear онжылдықтың үздік бағдарламасы атанған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.47  course up  545.71  course up  4.93  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer