Алматы орталығында жантүршігерлік жол апаты болды: көлік соққысынан ер адам 100 метрге ұшып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында жантүршігерлік жол апаты болды: көлік соққысынан ер адам 100 метрге ұшып кеткен © "Территория происшествий"

Алматының орталық көшелерінің бірінде 30 наурызға қараған түні жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы. 


Алматының орталық көшелерінің бірінде 30 наурызға қараған түні жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы. 

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сәтбаев көшесімен батысқа қарай жүріп келе жатып, Айманов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Қатты соққыдан ер адам шамамен 100-150 метрге дейін ұшып кеткен. Ол оқиға орнында қаза тапты. Марқұм 25 жаста болған.

Оқиға орнында түсірілген суреттерге қарағанда, автомобильдің алдыңғы терезесі, капоты және сол жақ шамы сынған. Жол апатының мән-жайы анықталу үстінде. Ал жүргізушінің 1993 жылғы екенін ғана анықтау мүмкін болды.


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 499.49  course up  580.27  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети